О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Астаны от 10 января 2003 года N 3-1-55п "О некоторых вопросах поддержки cубъектов малого предпринимательства" (регистрационный N 242) Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркелу N 242) ___________________________________ "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау барысында және 2003-2005 жылдарға арналған шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың қалалық бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты, Астана қаласының әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Астана қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 3-1-55қ  "Шағын кәсіпкерлік  субъектілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы" (Астана қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 қаңтарда N 242 болып тіркелген, және 2003 жылдың 8 ақпанындағы N 18-19 "Астана ақшамы" және 2003 жылдың 6 ақпанындағы N 14 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) қаулысының 2-тармағына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: "Астана-инновация" бизнес-инкубаторының аумағындағы қызметті жүзеге асыратын үміткерлерді таңдау және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдіктер беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаментінің директоры, комиссия төрағасы; Мұқанов Елтай Жанәбілұлы - Астана қаласы Қаржы департаменті бастығының орынбасары; Ережепова Ләззат Рахымжанқызы - Астана қаласы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Әлібеков Абзал Советұлы  -  Астана қаласы әкімі аппараты экономикалық талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы; Асқаров Абай Асқарұлы - Астана қаласы Экономика және шағын бизнесті дамыту департаменті шағын бизнесті дамыту бөлімінің бастығы; Ілиясов Төлеубек Әубәкірұлы - "Астана қаласы Шағын бизнесті қолдау орталығы" МКК-ның директоры. Жоғарыда атап көрсетілген комиссияның құрамынан шығарылсын: Т.И. Яковлева, Ә.Н. Түсіпбеков, О.Қ.Тәуірбеков.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Ахметовке жүктелсін. Астана қаласының әкімі Визалар: