О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 1017 "О квоте иммиграции оралманов на 2003 год" и постановления Правительства Республики Казахстан от 14 марта 2003 года № 250 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 1017 "О квоте иммиграции оралманов на 2003 год" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 107 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Оралмандардың 2003 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын іске асыру туралы 2003 жылғы 14 наурыздағы № 250 қаулысын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығы мен Қазақстан Республикасы үкiметiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын iске асыру туралы" 2003 жылғы 14 наурыздағы № 250 қаулысын iске асыру мақсатында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Оралман отбасыларын қабылдау және орналастыру жөнiндегi 2003 жылға арналған квотаны бөлу 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Оралмандарды қабылдау, орналастыру және жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiндегi облыстық штаб 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша көшi-қон және демография басқармасы (келiсiм бойынша) оралмандардың қоныс аударуына, қабылдаумен, жайластыруға байланысты iс-шараларды қаржыландыру мәселелерiн шешсiн.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi:
оралман отбасыларын орналастыратын жерлердi анықтасын және оларды баспанамен қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес тұрақты тұруға келген оралмандарды әлеуметтiк қамтамасыз ету (оның iшiнде зейнетақы және жәрдемақы төлеу) мәселелерiн шешсiн;
оралмандарға кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыруға көмек көрсетсiн;
оралмандардың отбасы мүшелерiнiң жергiлiктi жағдайға бейiмделулерiне, жайласуларына, балаларын оқытуға, денсаулық сақтау мекемелерiне бекiтуге мүмкiндiк беретiн жағдайлар жасасын;
оралмандар отбасыларының еңбекке жарамды ересек адамдарын жұмысқа орналастыру (олардың бiлiктiлiктерi мен мамандықтарына сәйкес), сондай-ақ оларды еңбек нарығында талап етiлген мамандықтар бойынша, қажетiне қарап даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар қолдансын.
Тармақ 5
5. Облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша):
оралмандардың республика аумағында тұруы және жүрiп тұруы үшiн қажеттi құжаттарын уақытында тiркеудi және ресiмдеудi;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрақты тұруға рұқсат алған және қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға тiлек бiлдiрген оралмандардың құжаттарын ресiмдеудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 6
6. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, облыс iшкi iстер басқармасы (келiсiм бойынша) осы шешiмнiң орындалуы туралы ақпаратты 2004 жылдың қаңтар айының 10 дейiн облыс бойынша көшi-қон және демография басқармасына беретiн болсын.
Тармақ 7
7. Осы шешiмнiѕң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М.Жұмабековаға жүктелсiн.
Басқа 8. 2003 жылға арналған оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Оралмандардың 2003 жылға арналған
көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы
10 ақпандағы № 1017 Жарлығы мен
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2003 жылғы 10 ақпандағы "2003 жылға
арналған көшiп келу квотасы туралы"
№ 1017 Жарлығын iске асыру туралы
2003 жылғы 14 наурыздағы № 250
қаулысын iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар туралы облыс әкiмiнiң
2003 жылғы "28" сәуiрдегi № 12
шешiмiне 1-қосымша
2003 жылға арналған оралмандар отбасыларын қабылдау және орналастыру квотасын бөлу
N п/п
Қала және аудан атаулары
Өзбекстан Республикасы
Ресей Федерациясы
Барлығы
1
Павлодар
80
20
100
2
Екiбастұз
65
10
75
3
Ақсу
50
10
60
4
Ақтоғай
25
5
30
5
Баянауыл
20
-
20
6
Железин
35
5
40
7
Ертiс
35
5
40
8
Качиры
30
5
35
9
Лебяжi
20
5
25
10
Май
20
5
25
11
Павлодар
40
5
45
12
Успен
20
5
25
13
Шарбақты
40
5
45
Барлығы
480
85
565
Басқа 9. Оралмандарды қабылдау, орналастыру және жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Оралмандардың 2003 жылға арналған
көшiп келу квотасы туралы" 2003 жылғы
10 ақпандағы № 1017 Жарлығы мен
Қазақстан Республикасы үкiметiнiң
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Оралмандардың 2003 жылға арналған
көшiп келу квотасы туралы" 2003
жылғы 10 ақпандағы № 1017 Жарлығын
iске асыру туралы 2003 жылғы 14
наурыздағы № 250 қаулысын iске асыру
жөнiндегi iс-шаралар туралы облыс
әкiмiнiң 2003 жылғы "23"сәуiрдегi № 12
шешiмiне 2-қосымша
Оралмандарды қабылдау, орналастыру және жайластыруға байланысты мәселелердi жедел шешу жөнiндегi облыстық штабтың құрамы
Жұмабекова Рысты Мағауияқызы
- облыс әкiмiнiң орынбасары, төраға
Әбдiхалықов Идият Бекболатұлы
- облыс бойынша көшi-қон және демография басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары (келiсiм бойынша)
Штаб мүшелерi:
Ахметов Абылай Балтабайұлы
- Железин ауданы әкiмiнiң орынбасары
Балтабекова Ғалия Шәкiрқќызы
- Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары
Воронин Александр Николаевич
- Ертiс ауданы әкiмiнiң орынбасары
Вострейко Надежда Васильевна
- Качиры ауданы әкiмiнiң орынбасары
Ермолаев Василий Андреевич
- облыс көлiк және коммуналдық шаруашылық департаментiнiң бастығы
Ильина Тамара Витальевна
- Успен ауданы әкiмiнiң орынбасары
Исқақова Бекзия Зейнуллақызы
- Ақтоғай ауданы әкiмiнiң орынбасары
Қазанғапов Дүйсебек Мұұсабекўлы
- облыс денсаулық сақтау департаментiнiң бастығы
Кәрiмжанов Бахриден Сарбасұлы
- облыс бiлiм департаментiнiң бастығы
Қанаева Рысты Мойылжанқызы
- Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығының Павлодар облыстық филиалының директоры (келiсiм бойынша)
Қалышбеков Мұрат Бекенұлы
- облыс халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен ұамту департаментiнiң бастығы
Лебедь Вячеслав Дмитриевич
- Павлодар қаласы әкiмiнiң оранбасары
Мәмбетов Абай Қамалұлы
- облыс IIБ бастығының орынбасары (келiсiм бойынша)
Мұрзалинов Қалиақпар Ташмұхамбетўұлы
- облыс IIБ-ныѕ көшi-қон полициясы басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Оразєалиев Болат Дүйсенбекұлы
- облыс јкiмi аппараты басшысыныѕ орынбасары-әлеуметтiк мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Сағындықов Нұрболат Озыханұлы
- Лебяжi ауданы јкiмiнiѕ орынбасары
Сыздықов Балтабай Сәкенұлы
- Баянауыл ауданы әкiмiнiң орынбасары
Темiржанова Гүлстан Сағынтайқызы
- Шарбақты ауданы әкiмiнiң орынбасары
Тышқанова Нұржамал Сағадатқызы
- Ақсу қаласы әкiмiнiң орынбасары
Шәмкенова Роза Шәмкенқызы
- Павлодар ауданы әкiмiнiң орынбасары