О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акций которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации" Қолданыста
Басқа 0
"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1-1
1-1-тармақ алынып тасталсын;
Тармақ 1-2
1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 1-2
«1-2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Қор) қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұлттық компанияларға дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі заңды тұлғаларға қатысты осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларға ұқсас шаралар қабылдау ұсынылсын.»;
мынадай мазмұндағы 1-3-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 1-3
«1-3. Қорға осы қаулының 1-тармағында көрсетілген әкімшілік шығыстардың лимиттерін Қор үшін Қор директорлар кеңесінің шешімімен, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тиесілі заңды тұлғалар үшін Қор басқармасының шешімімен белгілеу жөнінде белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау ұсынылсын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов