О реализации решения областного маслихата от 10 декабря 2003 года № 2/16 «Об областном бюджете на 2004 год» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 2/16 шешімін іске асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің 10.01.2005 № 2/46 хатымен . Облыстық мәслихаттың «2004 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 2/16 шешімін іске асыру мақсатында облысқ әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1 қосымшаға сәйкес, 2004 жылға арналған облытық бюджет, кірістері бойынша - 17595049 мың теңге; алынған ресми трансферттер бойынша - 59665 мың теңге; несиелерді қайтаруы бойынша - 144616 мың теңге; шығындары бойынша - 17729330 теңге; несиелері бойынша 70000 мың тенге орындауға алынсын.
Тармақ 2
2. 2 қосымшаға сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2004 жылға арналған облыстық бюджеттік бағдарламаларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық экономика, өнеркәсіп әне сауда басқармасы (Ә..Кошеров): Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2003 жылға арналған Индикативтік жоспарындағы облыстық бюджеттік бағдарламалары мән аудандар мен қалалар дамуының бағдарламалары инвестициялық жобаларының тізбесі бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізсін.
Тармақ 4
4. Облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:
Тармақша 1
1)Облыстық қаржы басқармасына: 2004 жылдың 2 қаңтарына дейін: облыстық бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік өтінімдерге сәйкес бірыңғай бюджет сыныптамасының шығыстардын/экономикалық сыныптама ерекшеліктері тұрғысынан бюджеттік бағдарламалары мен кіші бағдарламалар бойынша қаржыландырылу жоспарын; бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын табыс етсін: 2004 жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімге: бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша дебиторлық және кредиторлык берешек сомасы туралы есебін табыс етсін;
Тармақша 2
2) 2004 жылдың 10 каңтарына дейін жылдық тағайындаулар шегіндегі міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларының (кіші бағдарламаларының) қаржыландыру жоспарын, сондай-ақ ведомствосына қарасты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен төлемдері бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарын облыстық қазынашылық басқармасына табыс етсін;
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Б.Баужанова):
Тармақша 1
1) айтулы күндерге бекітілген мөлшерде біржолғы материалды көмекті; амоулаториялық емделу кезінде дәрі-дәрмек сатып алуы үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмекті; облысқа сіңірген еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға ай сайынғы қосымша еңбакақыны толық және уақытылы төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Аудандар мен қалалардың әкімдері:
Тармақша 1
1) ағымдағы бюджеттік бағдарламалары бойынша 2004 жылға жеткізілген қаражатты даму бағдарламасына тартуға жол бермесін;
Тармақша 2
2)әсіресе селолық жерлерде бюджеттік даму бағдарламаларының қаражаттарын білім беру денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету салаларына басым бағытталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3)инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2003 жылға арналған аудардық (қалалық) бюджеттік бағдарламаларының тізбесін бекітсін;
Тармақша 4
4)тіс протездерін дайындауға Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеруге және Чернобыль АЭС мүгедектеріне бір жолғы материалдық көмекті; селолық жерлерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуына әлеуметтік көмекті; басқа адамның көмегіне мұқтаж және мемлекеттік жәрдемақы алатын 1 және 2 топтағы жалғызілікті мүгедектерді күтуге арналған ай сайынғы қосымша үстемақыны уақутылы және толық төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақша 5
5) «Кемтар балаларды әлеуметтік-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343-11 ҚРЗ Заңының II кезеңін іске асырылуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 6
6) Селолық округтері селолық әкімдерінің аппараттарын ұстауға арналған аудандар мен қалалардың бюджеттеріне облыстық бюджеттен трансферт арқылы көзделген қаражатты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін ;
Тармақша 7
7) Облыстық қаржы басқармасына: 2004 жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде: 2004 жылға көзделген инвестициялық жобалардың тізбесін айлар бойынша бөлінген жылдық тағайындаулар шегіндегі міндеттемелер мен төлемдер бойынша жинақталған қаржыландыру жоспарларын табыс етсін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлесін және бекітсін; 2004 жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімге бюджеттік бағдарламалар мен кіші бағдарламалар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектердің сомасы туралы есебін;
Тармақша 8
8)жыл ішінде нақтыланған бюджеттердің бюджеттік қаражаттарының бағытталуын облыстық қаржы басқармасымен келісіліп, сонымен қатар қосымша қаражаттар білім беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету салаларының дамуына бағытталсын;
Тармақша 9
9)ай сайын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша аудандар мен қалалар бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін табыс етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылаУоблыс әкімінің орынбасары А.С.Қасабековке жүктелсін. С.Б.Керелбаев______________ М.М.Бортник_______________ А.С.Қасабеков______________ Е.Күмісқали_______________ С.А.Макежанов_____________ А.Т.Қабашев______________ А.Әбдешұлы______________ Орындаушы Х.Х.Нұрғалиева__________Облыстық қаржы басқармасының бастығы