О внесении изменения в приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 10 сентября 2004 года N 212 "Об утверждении Правил организации и функционирования централизованных торгов электрической энергией в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
"Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 10 қыркүйектегі N 212 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде N 3087 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 2, 14-бап, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 4195 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 6 сәуірдегі N 113 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтыруларымен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы "- кепілдікпен жеткізушілер" деген сөздер ", электр энергиясын кепiлдiкпен жеткiзушiлер және электр энергиясын кейіннен сату мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар" сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Н.Б.Бертісбаев) бұйрықты бекітілген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрі
2006 ж. 11 шілде