О внесении дополнений в решение городского маслихата от 10 ноября 2004 года № 13/131 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Балхаша» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы №13/131 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергіліктіi мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметі туралы» Заңының 22 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы №13/131 «Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» (нормативттік құқықтық актілерді мемлекеттік тipкey тізімінде тіркеу нөміpi 1666, «Балқаш өнipi» газетінің 2005 жылғы 12 қантардағы № 3 санында, «Балхашский рабочий» газетiнің 2005 жылғы 12 каңтардағы №2-3 санында жариялаыған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасында: 37 тармақтың 2 тармақшасында «арнайы белгіленген орындардан басқа» деген сөздерден кейін «сондай-ақ көшелердің көлік және жаяу жүретін бөлігін, құрылыстар салудан бос аумақтарды және жалпы пайдаланатын орындарды, қоқыстардың барлық түрлерімен ластауға» деген сөздермен толықтырылсын; 37 тармақтың 4 тармақшасында «хабарландырулар» деген сөзден кейін «жарнама, үндеухат, хабарлау» деген сөздермен толықтырылсын. «КЕЛІСІЛДІ» Балқаш қаласының әкімі Қ.Токушев 20.10.2005ж. Қалалық iшкi icтep бөлімінің бастығы Қ.Бүйтекұлы 20.10.2005ж. Қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің бастығы С.Мусин 20.10.2005ж. Қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы М.Абеуов 20.10.2005ж. Мемлекттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің Балқаш қаласы бойынша филиалының бастығы Т.Жұманов 20.10.2005ж.