О внесении дополнений в решение городского маслихата от 10 ноября 2004 года № 13/131 «Об утверждении Правил благоустройства территории города Балхаша» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы №13/131 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 22 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы №13/131 «Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 1666, «Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы №3 санында, «Балхашский рабочий» газетінің 2005 жылғы 12 қаңтардағы №2-3 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы №24/225 «Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы» қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы №13/131 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» шешімімен толықтырулар енгізілген (нормативтік қўқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 8-4-12, «Балқаш өңірі» газетінің 2005 жылғы 23 қарашадағы №87 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасында: 57 тармақ келесі мазмұндағы 3 тармақшамен толықтырылсын: «3) балкондардың (лоджалардың) сыртына жуылған кір, кілем, матрацтарды жаюға және олардан қоқыстарды қағу»; келесі мазмұндағы 117-1 тармағы енгізілсін: «117-1. Магистральдарда және бас көшелерде және жолдарда орналасқан қоғамдық ғимараттардың және орын-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлердің қасбет бөлігінің өзгеруі (балкондарды, лоджаларды, шынылау және қайта жаңарту, қосымша құрылыс салуға, жерсеріктік антенналарды орнату), сондай-ақ кондоминимум объектілерін (кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар) қайта жоспарлауына және өзгертуіне сәулет және қала құрылысы органының келісуінсіз жол берілмейді».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Балқаш қаласының әкімі Қ.Токушев 06.10.2006ж. Сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының м.а. Ш.Байсеркина 06.10.2006ж. Қалалық жер қатынастары бөлімі бастығының м.а. Қ.Жүнісов 06.10.2006ж. Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау Департаментінің басқарма бастығы Т.Жұманов 06.10.2006ж. Қалалық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Киякин 06.10.2006ж.