О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-1 "Об утверждении Положения о капитане морского порта" Қолданыста
Басқа 0
"Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрiнiң 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 2729 тіркелген) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережесінде:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 8 шiлдедегi № 780 қаулысымен бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеу қағидаларына сәйкес авариялық жағдайларды тергеу;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң Су көлігі департаменті (Б.А. Жансүгіров) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.