О внесении изменения и дополнения в решение акима области от 10 января 2005 года № 3 "О квалификационных требованиях к административным государственным должностям" Күшін жойған
Басқа 0
"Мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
"Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" облыс әкімінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы N№3 шешіміне (Оңтүстік қазақстан облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 13 қаңтарда 1635-нөмірмен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
№41 қосымшадағы қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының саны 4 бірлік деп саналсын және №16-7 алынып тасталсын;
аталған шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес N№44 қосымшамен толықтырылсын.
Келісілген:
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі
Оңтүстік Қазақстан облысы
бойынша басқармасының бастығы
Болат Фазылұлы Үркімбаев
Басқа 1
Облыс әкімінің
2005 жылғы 21 қаңтардағы
№ 15 шешіміне
№ 44 қосымша
Қаржы-шаруашылық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары
(1 бірлік) Д-3, N№16-7
Өлшемдер
Талаптар
Білімі
1. Жоғары кәсіптік білім.
Кәсіптік біліктілігі
1. ҚР заңнамасын білуге тест өткізу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілер
2. ҚР Азаматтық кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", ҚР Заңдары, "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"»ҚР Президентінің Жарлығы.
Практикалық тәжірибесі
1. Бірыңғай біліктілік талаптарына сәйкес.
2. Лауазымның функционалдық бағыттары - кәсіпкерлік, қаржы немесе экономика салаларындағы жұмыс.
Функционалдық міндеттері
1. Облыс әкімі өткізетін іс-шаралардың дайындығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің жұмысын техникалық жағынан қамтамасыз ету.
2. Бақылаушы функциялар - жоқ.
3. Үйлестіру функциялары - жоқ.
5. Жұмысты болжамдау және жоспарлау.