О внесении изменения в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 ноября 2005 года № 344-I "Об утверждении Перечня грузов, подлежащих сопровождению военизированной охраной при перевозке железнодорожным транспортом" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 344-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы 344-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 3931 болып тіркелген «Заң газеті» газетінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы № 239 (973) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесінде: реттік нөмірі 31-жолдың үшінші бағанындағы «26020000» деген «26170000» деген сандармен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ. Уандықов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынылуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ол алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.