О внесении изменений в постановление акимата Костанайского района от 10 августа 2005 года № 470 «Об оказании социальной помощи безработным, направляемым на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку, о возмещении затрат на проживание, питание, медицинское освидетельствование, проезд к месту обучения» Қолданыста
Басқа 0
Қостанай ауданы әкімдігінің «Оқу орнына жол ақы, медициналық куәландыру, тамақтануға және тұрар орынға кететін шығындар туралы, кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2005 жылғы 10 тамыздағы № 470 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдері туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес және Қостанай аудандық мәслихатының «2006-2008 жылдарға арналған Қостанай ауданының халықты жұмыспен қамту өңірлік бағдарламасын бекіту туралы» 2006 жылғы 28 наурыздағы № 277 шешімін іске асыру мақсатында Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің «Оқу орнына жол ақы, медициналық куәландыру, тамақтануға және тұрар орынға кететін шығындар туралы, кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2005 жылғы 10 тамыздағы № 470 (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2005 жылғы 19 тамыздағы нөмірі 9-14-12 болып тіркелген, 2005 жылы 12 қыркүйекте № 40 (275) «Көзқарас-Взгляд» аудандық газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) басты бөлімдегі «2003 жылғы 13 мамырдағы № 180 2003-2005 жылдарға» сөз тіркесі «2006 жылғы 28 наурыздағы № 277 2006-2008 жылдарға» болып ауыстырылсын;
2) 1-тармақтың 2-тармақшасындағы «бір айға» сөз тіркесі «үш айға» болып ауыстырылсын;
3) қаулының 2-тармағындағы А. Әбенов тегі А. Досжанов болып ауыстырылсын.