О внесении изменения и дополнений постановление акимата области от 10 марта 2005 года № 68 «Об учреждении ежегодных грантов акима области лучшим учителям и преподавателям казахского языка и литературы» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақ тілі мен әдебиеті ең үздік мұғалемдері мен оқытушыларына облыс әкімінің жыл сайынғы гранттарын тағайындау туралы» облыс әкімдігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы № 68 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
«Қазаєстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы, 27 бабы, 2 тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» ҚазақстанРеспубликасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы, 28 бабына, «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi № 151 Заңы, 25-2 бабының, 4 тармағына, «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына, «2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы Бiлiм саласын дамыту мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығының 3 тармағына сәйкес, үзiлiссiз оқыту шегiнде мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында қазақ тiлiн оқытудың сапасын арттыру мақсаттарында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақ тiлi мен әдебиетiнiң үздiк мұғалiмдерi және оқытушыларына облыс әкiмiнiң жыл сайынғы гранттарын тағайындау туралы» облыс әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 10 наурыздағы № 68 қаулысына (тiркеу № 1546 2005 жылғы 28 наурыз, «Солтүстiк Қазақстан» газетi 2005 жыл 8 сәуiр, «Северный Казахстан» газетi 2005 жыл 8 сәуiр) келесi өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
3 тармақта:
«колледж» сөзiнен кейiн «және облыстың мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының» сөздерiмен толықтырылсын;
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген қазақ тiлi мен әдебиетiнiң үздiк мұғалiмдерi мен оқытушыларына облыс әкiмiнiң жылсайынғы гранттарын тағайындау туралы ережелерде:
1 тармағында:
«облыс оқушыларының жоғары бiлiм деңгейлерiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк тiлдi игеру» сөздерi алынып тасталсын;
2 тармағында;
«колледждердiң» сөзiнен кейiн «мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының» сөздерiмен толықтырылсын;
9 тармақ келесi мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
«мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарының тәрбиеленушiлерiнiң тiлдiк ортаға және қазақ тiлiн ерте үйренуге бейiмделу деңгейi».