О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района от 10 марта 2005 года № 90 «Об утверждении Правил предоставления социальной помощи отдельным категориям граждан» Қолданыста
Басқа 0
2005 жылғы 10 наурыздағы № 90 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті белгілеу Ережесін бекіту туралы» аудан әкімдігі қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 1 бабының 14 тармағына, 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының мүгедектерін, қатысушыларын және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және оларға жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
2005 жылғы 10 наурыздағы № 90 «Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекті белгілеу Ережесің бекіту туралы» 2005 жылғы 29 наурызда №1555 Солтүстік Қазақстан облысының әділет Департаментінде тіркелген (2005 жылғы 13 мамырдағы № 19 «Вести» аудан газеті) аудан әкімінің қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. Жоғары көрсетілген қаулының 2 тармағының 2,3 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын: «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың жеке санаттары: Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен Ұлы Отан Соғысының мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар; қаза тапқан жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлері; кәмелет жасқа толмаған тұтқындар, Ұлы Отан Соғысы жылдарында тылда ерлік еңбек және мінсіз қызмет еткені үшін, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерымен және медальдарымен марапаталған тұлғалар;
Тармақ 2
2. 3 тармағы келесі редакцияда баяндалсын: «әлеуметтік көмекті белгілеу үшін жеке азаматтар санаттарының мәлімдеушілері уэкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) үлгі бойынша өтініш
Тармақша 2
2) осы санатқа жататындығын растайтын құжаттар көшірмесі
Тармақша 3
3) жеке куәлігінің кошірмесі».
Тармақ 3
3. 8 тармағында «аудан бюджетімен бекітілген бөлінген қаржы шегінде өтініштердің кезектік тәртібі бойынша 24000 (жиырма төрт мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек сөздері, «аудан бюджетімен бекітілген бөлінген қаржы шегінде өтініштердің кезектік тәртібі бойынша 27000 (жиырма жеті мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек» деп оқылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған он күнтізбелік күн ішіндегі оның бірінші күнінен бастап күшіне енгізілсін.