О внесении изменения в постановление от 10 мая 2006 года № 251 «О корректировании цен, представляемых органами статистики для исчисления доходов от личного подсобного хозяйства при назначении ежемесячного государственного пособия на детей до восемнадцати лет» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» қаулысының негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-35, «Арқалық хабары» газетінің 2006 жылғы 7 шілдедегі 26 (100) нөмірінде жарияланған) қаулысына өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта «жиырма» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Н. Назароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы қолданысқа заңда көрсетілген мерзімде енгізіледі.