О внесении дополнения в постановление от 10 июля 2006 года № 674 "Об утверждении перечня объектов коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области, подлежащих приватизации и ее предварительным стадиям" Күшін жойған
Басқа 0
"Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі № 674 қаулыға толықтыру енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Жекешелендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының 2007 жылғы 28 қарашадағы № 03/2854 қолдаухаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 674 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2428 болып тіркелген, 2006 жылғы 1 тамыздағы № 78 "Дидар", 2006 жылғы 29 шілдедегі № 116 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған), "Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 шілдедегі № 674 қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы № 267 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2459 болып тіркелген, 2007 жылғы 13 қарашадағы № 139 "Дидар", 2007 жылғы 13 қарашадағы № 170 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
"48.
Әкімшілік ғимарат
Өскемен қаласы, Қ.Қайсенов көшесі,121".
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.