О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области от 10 мая 2007 года N 156 Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 10 мамырдағы N 156 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына толықтыру енгізу "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 заңының 16 және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 заңының 27 баптарына сәйкес он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы заңнаманы даралап қолдану мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 30 мамырда Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінде N 3207 санымен тіркелген Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырдағы "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы" N 156 қаулысы төмендегі мазмұнда 2.1. тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2.1
2.1. "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін."
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә. М. Рахымжановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 186 қаулысымен бекітілді Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер беру жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. Осы он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер беру жөніндегі, нұсқаулық (одан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңының 16 бабына және "Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға қосымша көмек беру туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 мамырындағы N 156 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулық он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлем беру тәртібін реттейді.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік төлемдер он алты жасқа дейінгі әрбір мүгедек балаға мүгедектік кезеңіне беріледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдер Ақтөбе облысының аймағында тұрақты түрде тұратын мүгедек баланың ата-анасына, қамқоршысына, асыраушысына беріледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдер алу үшін ата-анасы, қамқоршысы, асыраушысы тұрғылықты мекен-жайы бойынша аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне: - белгіленген үлгідегі өтініш (қоса беріледі); - тұрғылықты мекен-жайынан анықтама немесе үй кітабының көшірмесін; - мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін; - мүгедектікті белгілеу туралы анықтаманың көшірмесін (МСЭ); - зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан анықтама немесе он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуды растайтын құжатты; - қамқоршылықты немесе асыраушылықты растайтын құжаттың көшірмесін (қамқоршылар үшін) тапсыруы қажет.
Тармақ 6
6. Құжаттар түпнұсқасы мен көшірмесі екеуі салыстырмалы түрде тексеру үшін бірге тапсырылады, тексерілген соң құжаттың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік төлемдер барлық қажетті құжаттармен өтініш жасаған айдан бастап қаржылық жылға тағайындалады.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік төлемдер өткен айға, ай сайын төленеді.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік төлем алушылар әлеуметтік төлем алудың құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар туралы 10 күн ішінде аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндетті.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік төлемдер жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдер өтініштің негізінде өзі таңдаған екінші деңгейдегі банктің негізгі есебінің реквизиттерін көрсетумен алушының таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Төлем, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға тағайындалған соманы алушының негізгі есебіне аудару қаржының түсуіне қарай жүзеге асырылады.
Тармақ 13. Өтініш
13. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері ай сайын әлеуметтік төлемдер алуға өтініш жасаған отбасылар, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны мен оларға төленген сомалар туралы есепке алып отыруды қамтамасыз етеді. Он алты жасқа дейінгі мүгедек балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлемдерді алу үшін өтініштің нысаны ___________ аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ________________________________________ (өтініш иесінің аты-жөні, тегі) Мекен-жайы _____________________________ ________________________________________ (көшесі, үйдің және пәтердің нөмірі, телефоны) Жеке басының куәлігі____________________ кіммен берілді _________________________ қашан берілді __________________________ ЖӘК N __________________________________ СТН ____________________________________ Өтініш Маған, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға әлеуметтік төлем беруіңізді өтінемін. Өтінішке мына құжаттарды қоса тіркеймін: - тұрғылықты мекен-жайын растайтын анықтама (немесе үй кітабының көшірмесі); - мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; - мүгедектік белгіленген туралы анықтаманың көшірмесі (МСЭ); - он алты жасқа дейінгі мүгедек балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуды растайтын құжат; - қамқоршылықты немесе асыраушылықты растайтын құжаттың көшірмесі. (қамқоршылар үшін) Төлемді негізгі есеп N _______ _______________ арқылы жүзеге асыруыңызды сұраймын. (банктің атауы) Әлеуметтік төлем алуға немесе мөлшеріне әсер ететін жағдайларда, олар туралы 10 күн ішінде аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға міндеттенемін. Расталмаған мәліметтер мен жалған құжаттар бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілдім. "____" __________200__ж. ____________________ (өтініш иесінің қолы) Өтініште көрсетілген және берілген құжаттар түпнұсқаларымен салыстырмалы түрде қаралып, "___"_______200__ж. қабылданып, N _____ тіркелді. ______________________________________________________________ (қолы,құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні, тегі, лауазымы)