О внесении изменений в постановление акимата от 10 января 2007 года № 5 «О проведении приписки граждан 1990 года рождения к призывному участку Аулиекольского района» Қолданыста
Басқа 0
Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-45) қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Ресубликасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 171 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2007 жылғы 20 сәуірдегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу нөмірі 3569) қаулысы негізінде Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 125 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (2007 жылғы 21 мамырдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-5-45, 2007 жылғы 31 мамырдағы № 18 «Таза бұлақ-Чистый родник» газетінде жарияланған) қаулысына мыныдай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының 1 тармағының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Осы каулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданыска енгізіледі.