О внесении изменения в постановление акимата Атырауской области от 10 апреля 2008 года № 86 «Вопросы Управления экономики и бюджетного планирования Атырауской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәселелері» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Б.Таушовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 94 қаулысына қосымша Атырау облысы әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 86 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысы бойынша экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 5
5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
Тармақ 9
9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 12
12. Міндеттері: облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру; әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарымен, салықтық және ақша кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасап отырып, бюджет және инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру; өңірлік даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; Басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.
Тармақ 13
13. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: облыс әкімдігіне облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге; мемлекеттiк және салалық (секторлық) бағдарламаларды Басқарманың құзыретіне кіретін бағыттар бойынша icке асыру мониторингін жүзеге асыруға; өз құзыретi шегiнде облыс әкіміне, облыстық бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдарға облыстың қалалары мен аудандарында экономика саласында жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар (ұсынымдар) жолдауға; өз құзыретi шегiнде құқықтық актілерді әзiрлеуге және шығаруға; өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпарат пен құжатты сұратуға және алуға; келісу бойынша олардың құрамына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін қосу арқылы уақытша жұмыс топтарын құруға; қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тармақша 2
2) Міндеттері: Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беруге; бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге; Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге; Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Тармақ 14
14. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың атқарушы органдарының қатысуымен бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын нақтылау;
Тармақша 2
2) болжамды әкімдік отырысының қарауына ұсыну, әкімдікпен мақұлданған болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
Тармақша 3
3) бесжылдық кезеңге арналған облыстың даму жоспарын жасақтау;
Тармақша 4
4) облыстың даму жоспары, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында моноқалаларды дамыту бағыты бойынша мониторинг жүргізу;
Тармақша 6
6) Атырау облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бағдарламаның орындалуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 7
7) қаланың және аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ай сайын мониторинг жүргізу және жыл қорытындысы бойынша облыстың паспортын әзірлеу;
Тармақша 8
8) ауылдық елді мекендердің дамуын мониторингілеу;
Тармақша 9
9) ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін анықтау;
Тармақша 10
10) әлеуметтік және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдауды іске асыру және мониторинг жүргізу;
Тармақша 11
11) «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асырылуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 12
12) үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерін облыстық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын болжау;
Тармақша 13
13) тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарлама қаражаты есебінен бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің конкурстық құжаттамасын, әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті және концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін жергілікті бюджеттік инвестициялық, концессиялық жобалардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;
Тармақша 14
14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;
Тармақша 15
15) жер қойнауын пайдаланушылар бойынша түскен құжаттарға экономикалық сараптамалар жүргізу;
Тармақша 16
16) бюджеттік инвестициялық жобаларға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен іске асыруға жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық қорытындылар дайындау;
Тармақша 17
17) облыс бюджетiн нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзiрлеу, бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде бюджеттің кіріс бөлігінің болжамдық параметрлерін айқындау үшін жергілікті бюджеттің түсімдерін болжау;
Тармақша 18
18) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту және бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөніндегі облыстық мәслихат шешiмдерiнің жобаларын әзiрлеу;
Тармақша 19
19) тиiстi қаржы жылына арналған облыс бюджетін бекіту жөніндегі мәслихаттардың шешiмдерiн iскe асыру туралы облыс әкiмдігі қаулысының жобасын әзірлеу; облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемi туралы облыстық мәслихаты шешiмiнің жобасын әзiрлеу;
Тармақша 20
20) облыс бюджеті және қалалар мен аудандар бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үшжылдық кезеңге арналған көлемі туралы облыстық мәслихаты шешімінің жобасын әзірлеу;
Тармақша 21
21) облыстық бюджеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 22
22) ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары үшін бюджет шығыстарының лимиттерiн қалыптастыру;
Тармақша 23
23) облыстық бюджеттен қалалар мен аудандардың бюджеттерiне берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттiк кредиттер көлемiн қарайды және ұсыныстар дайындау;
Тармақша 24
24) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штат кестелерін талдауды жүзеге асырады, олардың штат санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу.
Тармақша 25
25) заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 15
15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 16
16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 17
17. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 18
18. Басқарма басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің орынбасарлары мен Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 5
5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 6
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 7
7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 8
8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Тармақша 9
9) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақ 19
19. Басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
Тарау 4. 4. Басқарманың мүлкі
4. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.