О внесении дополнения в постановление акимата от 10 апреля 2008 года № 88 «Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2008 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 8 «2008 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкімітінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 88 «2008 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына, мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 15 сәуірдегі 9-12-73 (2008 жылғы 17 сәуірдегі № 4 «Айна» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарды беретін кәсіпорындардың тізімінде: «Ұйымдарға бекітілмеген аумақтарды, 450 3 150 бос алаңдарды санитарлық тазарту- 24000 шаршы метр (аумақты үнемі жинап отыру, шөп ору, ұйымдастырылмаған қоқыстарды жою, қоқыстарды шығару)» жолынан кейін келесі мазмұндағы жолымен толықтырылсын: «Ленин көшесін қайта жаңартуға қатысу 1300 20 65 -3105 шаршы метр (ағаштарды түбірімен жұлып тазалау, жиектастарды алып және орналастыру, брусчатканы орналастыру, гүлзарлардың құрылысы, көгалшөп себу, суару және күтім, шамдарды, орындықтарды, сауытарды бекіту)»
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.