О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына және 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6334 тіркелген, 2010 жылы 11 тамызда № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 1-қосымшасында: Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (1-нысан) «Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының 1-ден 20-ға дейінгі тармақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев ______________ 2010 жылғы 6 қазан
Басқа 1. 1. Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 5 қазандағы N 288 бұйрығына 1-қосымша 1. Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі 1 Үй ша­ру­а­шы­лы­ғы мү­ше­сі­нің рет­тік нө­мі­рі 01 02 03 04 05 2 Те­гі 3 Аты 4 Әке­сі­нің аты 5 ЖСН 6 7 8 Бі­рін­ші жа­зы­л­ған үй ша­ру­а­шы­лы­ғы мү­ше­сіне қа­ты­на­сы 01 бі­рін­ші жа­зы­л­ған адам – 1, әй­е­лі/күй­е­уі - 2, қы­зы/ұлы - 3, ана­сы/әке­сі - 4, апа­сы/қа­рын­да­сы/аға­сы (іні­сі) - 5, жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) ата-ана­сы - 6, ке­лі­ні/жең­ге­сі/абысы­ны/күй­еу ба­ла­сы - 7, әже­сі/ата­сы - 8, неме­ре­сі - 9, туы­стық­тың бас­қа дә­ре­же­сі, жек­жат­тық - 10, туыс емес - 11 Рет­тік нө­мі­рі ана­сы неме­се әке­сі­нің Жұ­бай­ы­ның (зай­ы­бы­ның) 9 Жы­ны­сы (ер - 1, әй­ел - 2) 10 Ұл­ты (1-кесте­ні қа­ра­ңыз) 11 Оқи­ға да­та­сы кк.аа.жж­жж. туу 12 өлу 13 неке жағ­дайы бі­рін­ші неке 14 тұл/же­сір 15 ажы­рас­қан 16 соң­ғы неке 17 ке­лу 18 ке­ту 19 Бі­лі­мі 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. мек­теп­ке дей­ін­гі - 1, ба­ста­уыш - 2, негіз­гі ор­та - 3, жал­пы ор­та - 4, ба­ста­уыш кә­сіп­тік - 5, ор­та ар­на­у­лы - 6, аяқ­тал­ма­ған жо­ға­ры - 7, жо­ға­ры - 8, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі - 9 20 Бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқи­тын­дар 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. мек­теп­ке дей­ін­гі - 1, жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп - 2, тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік - 3, ЖОО - 4, жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін - 5, бі­лік­ті­лік­ті арт­ты­ру кур­ста­ры – 6 21 Жұ­мыспен қам­ты­лу жағ­дайы 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. жал­да­ма­лы қыз­мет­кер -1, жұ­мыс бе­ру­ші – 2, же­ке негіз­де жұ­мыс іс­те­у­ші -3, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­пен (же­ке аула­сы­мен) ай­на­лы­су­шы - 4, өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив мү­ше­сі - 5, от­ба­сы­лық кә­сі­по­рын­ның ақы тө­лен­бей­тін жұ­мыс­ке­рі – 6, жұ­мыс­сыз – 7 22 Күн­кө­рі­стің негіз­гі қа­ра­жат кө­зі 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж. жал­да­ма­лы жұ­мыстан та­быс - 1, өз бе­тін­ше жұ­мыс іс­те­уден та­быс (же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­та­ғы жұ­мыстан бас­қа) - 2, же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­та­ғы жұ­мыс - 3, сти­пен­дия - 4, зей­не­та­қы - 5, жәр­де­ма­қы - 6, туы­с­қан неме­се жа­қын­дар­дан кө­мек - 7, же­ке мен­шік­тен та­быс, ди­ви­дент, сый­а­қы­лар - 8, асы­ра­уда­ғы – 9, өзге - 10
Басқа 2. Әр шаруашылықты есепке алу кітабында жазбаларды жүргізу
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының м.а. 2010 жылғы 5 қазандағы № 288 бұйрығына 2-қосымша Әр шаруашылықты есепке алу кітабында жазбаларды жүргізу
Тармақ 1
1. № 1 нысан - әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы келесі бөлімдерден тұрады: 1. «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі», 2. «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары», 3. «1 қаңтардағы жеке меншікке жататын ауылдық (селолық), кенттік округтың шегінде және оның шегінен тыс жалға берілген (алынған) жерлер», 4. «Шаруашылықтың жеке меншігі болып табылатын мал (басы)», 5. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер», 6. «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және малдарды ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар», 7. «1 қаңтардағы сауда нүктелерінің нақты бары», 8. «1 қаңтардағы сатып алынатын кооперативтік бірлестіктердің, сатып алынатын орталықтардың нақты бары», 9. «Қосымша мәліметтер».
Тармақ 2
2. Дербес шоттың басты бөлігінде мыналар жазылады:
Тармақша 1
1) дербес шот ашылған шаруашылық мүшесінің тегі, аты және әкесінің аты;
Тармақша 2
2) дербес шот нөмірі;
Тармақша 3
3) жер кадастры кітабы бойынша нөмірі;
Тармақша 4
4) арнайы торкөздермен қоршалған үйдің сәйкестендірме коды.
Тармақ 3
3. 1-бөлім «Үй шаруашылығы мүшелерінің тізімі» 1 қаңтардағы жағдай бойынша толтырылады және құрамында отбасы мүшелері 5-тен аспайтын шаруашылыққа есептелген. Егер үй шаруашылығы көп адам санынан тұратын болса немесе әр шаруашылық бойынша кітапты пайдалану мерзімінде өскен болса, онда барлық мүшелерді жазу үшін қосымша бет жабыстыру керек.
Тармақ 4
4. Бірінші болып әрбір нақты жағдайда отбасының кәмелетке толған мүшелері олардың жалпы келісімі бойынша анықтайтын үй шаруашылығының иесі жазылады және дербес шотта ол адам бірінші жазылады. Одан соң үй шаруашылығының қалған барлық мүшелері, тұрақты және уақытша жоқ мүшелері жазылады.
Тармақ 5
5. «Үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі» 1 жолда үй шаруашылығы мүшесінің реттік нөмірі көрсетілсін.
Тармақ 6
6. «Тегі, аты, әкесінің аты» 2-4 жолдарда үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тегі, аты және әкесінің аты толық, бұрмалаусыз және қысқартусыз, үй шаруашылығының әрбір мүшесіне арналған бағандарда, барлық үш жолды пайдаланып жазылады.
Тармақ 7
7. «Жеке сәйкестендірме нөмірі» (ЖСН) 5-жолда үй шаруашылығының әр мүшесінің ЖСН-і қойылады. ЖСН – қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке тұлға, соның ішінде жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылған, бірегей нөмір.
Тармақ 8
8. «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 6-жолда бірінші жазылған шаруашылық мүшесі тегінің астына «бірінші жазылған тұлға» 1 коды қойылады, ал қалған үй шаруашылығы мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес код қойылады.
Тармақ 9
9. «Анасы немесе әкесінің нөмірін көрсету» және «Жұбайының (зайыбының) нөмірін көрсету» 7-8 жолдардағы деректер үй шаруашылығында отбасылық ұяшықтарды анықтау үшін қажет. 7 жолда үй шаруашылығының әрбір мүшесіне (жасына және неке жағдайына қарамастан) бір үй шаруашылығында ата-анасының екеуімен немесе екеуінің біреуімен тұрып жатса, «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде ата-анасының бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығы құрамында әкесі не анасы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды. 8 жолда 15 және жоғары жастағы үй шаруашылығының әрбір мүшесіне «Бірінші жазылған үй шаруашылығы мүшесіне қатынасы» 3-бағанда үй шаруашылығының шегінде жұбайының (зайыбының) бірі жазылған реттік нөмір қойылады. Егер үй шаруашылығында ерлі-зайыптылар жұбы болмаған жағдайда нөмір қойылмайды.
Тармақ 10
10. «Жынысы» 9-жолда осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады.
Тармақ 11
11. «Ұлты» 10 жолда код 1-кестеге сәйкес қойылады. Балалардың ұлтын ата-анасы немесе оларды ауыстыратын тұлағалар анықтайды. 1-кесте Ұлт­тар сы­нып­та­ма­сы 1 2 1 2 1 2 1 2 000 Бар­лы­ғы 043 Қа­ра­қал­пақ­тар 084 Hивх­тер 156 Ауған­дар 001 Оры­стар 044 Ка­рел­дер 085 Уль­та (Ор­ок­тар) 157 Бе­луд­жи­лер 002 Укра­ин­дар 045 Ко­ми­лер 086 Ороч­тар 158 Бол­гар­лар 003 Бе­ло­ру­стар 046 Ма­рий­лер 087 Са­ам­дар 159 Вен­гр­лер 004 Өзбек­тер 047 Морд­ва­лар 088 Сель­куп­тер 160 Вьет­нам­дар 005 Қа­з­ақ­тар 048 Осе­т­ин­дер 089 То­фа­лар 161 Гол­лант­тар 006 Гру­зин­дер 049 Та­тар­лар 090 Удэ­гей­лер 162 Грек­тер 007 Әзір­бай­жан­дар 050 Ту­ва­лар 091 Уль­ча­лар 163 Дүң­ген­дер 008 Лит­ван­дар 051 Уд­мурт­тар 092 Чу­ван­дар 164 Үн­ді­стан мен Пәкі­стан ха­лық­та­ры 009 Мол­да­ван­дар 052 Ше­шен­дер 093 Эвен­дер 010 Ла­ты­штар 053 Чу­ва­штар 094 Эн­дер 165 Ис­пан­дар 011 Қыр­ғы­здар 054 Са­ха(Якут­тер) 095 Эс­ки­мо­стар 166 Ита­льян­дар 012 Тә­жік­тер 055 Ады­гей­лер 096 Юка­гир­лер 167 Қы­тай­лар 013 Ар­мян­дар 056 Ал­тай­лық­тар 100 Аба­зин­дер 168 Кә­рі­стер 014 Түр­кі­мен­дер 057 Ев­рей­лер 101 Веп­сі­лер 169 Ку­бин­дер 015 Эс­тон­дар 058 Қа­ра­шай­лар 102 Га­гауз­дар 170 Күрт­тер 016 Аб­хаз­дар 059 Ха­ка­стар 103 Тау ев­рей­ле­рі 171 Hе­мі­стер 017 Бал­кар­лар 060 Чер­кестер 104 Гру­зин ев­рей­ле­рі 172 Пар­сы­лар 018 Баш­құрт­тар 061 Ко­ми-пер­мяк­тар 105 Ор­та Азия ев­рей­ле­рі 173 По­ляк­тар 019 Бу­рят­тар 062 Лив­тер 106 Ижор­лар 174 Ру­мын­дар 021 Авар­лар 063 Та­лы­штар 107 Ка­ра­им­дар 175 Сер­б­тер 022 Агу­лер 071 Долған­дар 108 Қы­рым­шақ­тар 176 Сло­вак­тар 023 Дар­гин­дер 072 Ко­ряк­тар 109 Қы­рым та­тар­ла­ры 177 Тү­рік­тер 024 Құ­мық­тар 073 Ман­сы­лар 110 Тат­тар 178 Ұй­ғыр­лар 025 Лак­тар 074 Hенц­тер 112 Удин­дер 179 Фин­дер 026 Лез­гин­дер 075 Хан­ты­лар 113 Сы­ған­дар 180 Фран­цуз­дар 027 Hо­ғай­лар 076 Чук­ча­лар 114 Шор­лар 181 Хал­ха-Моң­ғол­дар 028 Ру­тул­дар 077 Эвен­кі­лер 150 Ав­стри­я­лық­тар 182 Хор­ват­тар 029 Та­ба­са­ран­дар 078 Але­ут­тер 151 Ал­бан­дар 183 Чех­тар 030 Ца­х­ур­лар 079 Итель­мен­дер 152 Аме­ри­ка­лық­тар 184 Жа­пон­дар 040 Ин­гу­ш­тер 080 Кет­тер 153 Ағы­л­шын­дар 185 Дат­чан­дық­тар 041 Ка­бар­дин­дер 081 Hа­най­лар 154 Ара­б­тар 186 Моң­ғол­дар 042 Қал­мақ­тар 082 Hга­на­сан­дар 155 Ас­си­рий­лер 190 Ұл­тын көр­сет­пе­ген­дер 083 Hе­ги­дал­дық­тар 199 Бас­қа ұлт­тар
Тармақ 12
12. «Оқиға датасы кк.аа.жжж.» 11-18 жолдарда тиісті құжат (төлқұжат, жеке куәлік, туу, өлу, неке қию және ажырасу туралы куәлік және акт) негізінде әрбір үй шаруашылығы мүшесіне арналған бағандарда барлық жолдар бойынша күні, айы, жылы толық жазылады.
Тармақ 13
13. «Білімі» 19-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 2-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. 2-кесте Код Бі­лім дең­гейі Бі­лім ұй­ым­да­рын бі­тір­ді неме­се оқи­ды 1 мек­теп­ке дей­ін­гі Мек­теп­те оқы­ту­ға мек­те­пал­ды дай­ын­дық­ты бі­тір­ді 2 ба­ста­уыш Ба­ста­уыш жал­пы бі­лім бе­ру мек­те­бін бі­тір­ді -"- 1972 жы­лы және одан кей­ін үш жыл­дық ба­ста­уыш жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тің 3 сы­ны­бын бі­тір­ді -"- Кез кел­ген жы­лы 4-6 сы­нып­тар­ды бі­тір­ді -"- 1962 жы­лы және одан кей­ін 7 сы­нып­ты бі­тір­ді -"- 1990 жы­лы және одан кей­ін 8 сы­нып­ты бі­тір­ді -"- 5-9 сы­нып­тар­ды оқи­ды -"- 1972/73-1988/89 оқу жыл­да­рын­да 4 сы­нып­тан кет­кен -"- Кез кел­ген жы­лы 5-7 сы­нып­тан кет­кен -"- 1962/63 оқу жыл­да­ры және одан кей­ін 8 сы­нып­тан кет­кен -"- 1989/90 оқу жыл­да­ры және одан кей­ін 9 сы­нып­тан кет­кен 3 негіз­гі ор­та 1961 ж. және одан бұ­рын то­лық емес ор­та мек­теп­ті (же­ті жыл­дық) неме­се 7 сы­нып­ты бі­тір­ді -"- 1963-1989 жж. се­гіз жыл­дық мек­теп­ті неме­се 8 сы­нып­ты бі­тір­ді -"- 1990-1992 жж. то­ғыз жыл­дық мек­теп­ті неме­се 9 жыл­дық сы­нып­ты бі­тір­ді -"- 1993 ж. және одан кей­ін негіз­гі жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ті бі­тір­ді -"- Он бір жыл­дық неме­се он екі жыл­дық ор­та мек­теп­тің 10 сы­ны­бын бі­тір­ді -"- Он екі жыл­дық ор­та мек­теп­тің 11 сы­ны­бын бі­тір­ді -"- 10-11 (12) сы­нып­та оқи­ды -"- Ба­ста­уыш кә­сіп­тік бі­лім ме­ке­ме­сін­де оқи­ды, жал­пы ор­та бі­лі­мі бар тұ­лға­лар­дан бас­қа -"- 1961/62 оқу жыл­да­ры және одан бұ­рын 8 сы­нып­тан кет­кен­дер -"- 1988/89 оқу жыл­да­ры және одан бұ­рын 9 сы­нып­тан кет­кен­дер -"- 10-11(12) сы­нып­тан кет­кен­дер -"- Ба­ста­уыш кә­сіп­тік бі­лім ме­ке­ме­сі­нен кет­кен­дер, жал­пы ор­та бі­лі­мі бар тұ­лға­лар­дан бас­қа 4 жал­пы ор­та Жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тің, ли­цей­дің, гим­на­зия, да­рын­ды ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мек­теп­тер­дің және бас­қа 10-11 сы­нып­та­рын аяқ­та­ған 5 ба­ста­уыш кә­сіп­тік Ба­ста­уыш кә­сіп­тік бі­лім бе­ре­тін мек­теп­ті бі­тір­ген, (кә­сіп­тік учи­ли­ще, кә­сіп­тік ли­цей-үзі­ліс­сіз бі­лім бе­ру ор­та­лы­ғы, тех­ни­ка­лық мек­теп (тау-ме­ха­ни­ка­лық, те­ңіз жо­лы, ор­ман-тех­ни­ка­лық және т.б.) жұ­мыс­шы ма­манды­ғын ал­ған тұ­лға­лар­ға, со­ны­мен қа­тар, кә­сіп­тік–тех­ни­ка­лық учи­ли­ще­ні (ПТУ неме­се тех­ни­ка­лық учи­ли­ще­ні) бі­тір­ген. Бұ­дан бас­қа кә­сіп­тік–тех­ни­ка­лық оқу ор­нын бі­ті­ріп, ма­манды­ғы­мен қа­тар ор­та бі­лі­мі ту­ра­лы ку­ә­лік және ор­та бі­лім дең­гей­ін­де ма­ман­дық ал­ған тұ­лға­лар­ға «Жал­пы ор­та» бел­гі­сі қой­ы­ла­ды, ал бас­қа тұ­лға­лар­ға осы оқу ор­ны­на түс­кен­ге дей­ін­гі ал­ған бі­лім дең­гейі қой­ы­ла­ды -"- Жал­пы ор­та бі­лім бер­мей­тін оқу ор­нын­да­рын (мы­са­лы, қо­лө­нер­лік, са­ла­лық кә­сіп­тік учи­ли­ще (СКУ), фаб­ри­ка-за­уыт­тық оқы­ту мек­те­бі (ФЗОМ), фаб­ри­ка-за­уыт­тық шәкірт­тік мек­те­бі (ФЗШМ), оқу-кур­стық ком­би­на­ты, оқы­ту-өн­ді­рі­стік ор­та­лы­ғы, қай­та дай­ын­дау және бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру кур­ста­ры, оқу орын­да­рын­да­ғы дай­ын­дық кур­ста­ры) аяқ­та­ған, осы оқу ор­ны­на түс­кен­ге дей­ін­гі ал­ған бі­лі­мі бел­гі­ле­не­ді 6 ор­та ар­на­у­лы мә­де­ни­ет және өнер са­ла­сын­да­ғы тех­ни­кум, учи­ли­ще, кол­ледж бі­тір­ген 7 аяқ­тал­ма­ған жо­ға­ры ЖОО-да оқи­ды және оқу мер­зі­мі­нің жар­ты­сын неме­се жар­ты­сы­нан кө­бін өт­кен -"- ЖОО-да бір және одан көп жыл оқы­ған, аяқ­тал­ма­ған жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы анық­та­ма­сы бар ЖОО-да оқу мер­зі­мі­нің жар­ты­сы­нан аз уа­қы­тын оқы­ған­дар, ЖОО-ға түс­кен­ге дей­ін ал­ған бі­лім дең­гейі қой­ы­ла­ды, яғ­ни «ор­та ар­на­у­лы», «ба­ста­уыш кә­сіп­тік» неме­се «жал­пы ор­та» 8 жо­ға­ры ЖОО аяқ­та­ған: ака­де­мия, уни­вер­си­тет, ин­сти­тут және оған те­ңе­сті­рі­л­ген (кон­сер­ва­то­рия, жо­ға­ры мек­теп, жо­ға­ры әс­ке­ри учи­ли­ще) 9 Ба­ста­уыш бі­лі­мі жоқ Ба­стап­қы жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­ді бі­тір­ме­ген -"- 1, 2 сы­нып­тар­ды бі­тір­ді -"- 1972 ж. және одан бұ­рын үш жыл­дық ба­ста­уыш жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тің 3 сы­ны­бын бі­тір­ді -"- 1-4 сы­нып­тар­да оқып жүр -"- Кез кел­ген жы­лы 1-3 сы­нып­тар­дан кет­кен -"- 1971/72 оқу жыл­да­ры және одан бұ­рын, 1989/90 оқу жыл­да­ры және одан кей­ін 4 сы­нып­тан кет­кен -"- Мек­теп­те оқы­ма­ған, бі­рақ оқи, жа­за бі­ле­ді 10 са­у­ат­сыз Оқып, жа­за ал­май­ды
Тармақ 14
14. «Білім беру ұйымдарында оқитындар» 20-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 3-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. Аулаларды жаппай аралап шығу кезінде деректер әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша толтырылады. 3-кесте Код Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры Бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да оқи­тын­дар 1 мек­теп­ке дей­ін­гі Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар­ға ба­ра­тын ба­ла­лар: мен­шік ны­са­ны­на қа­ра­ма­стан бө­бек­ха­на­ға, бө­бек­ха­на-бақ­ша­ға, ба­ла­бақ­ша­ға -"- Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­ға уа­қыт­ша бар­май жүр­ген ба­ла­лар, мы­са­лы, на­у­қа­ста­ну се­бе­бі­мен 2 жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп Ба­ста­уыш, негіз­гі, ор­та жал­пы бі­лім бе­ре­тін мек­теп­тер­де (оның ішін­де же­ке­ле­ген пән­дер­ді те­рең­де­тіп оқы­ту), ли­цей­лер­де, гим­на­зи­я­лар­да оқи­тын­дар 3 тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік Кә­сіп­тік ли­цей­де, мә­де­ни­ет және өнер са­ла­сын­да­ғы учи­ли­ще­де, негіз­гі ор­та неме­се жал­пы ор­та бі­лім бе­ре­тін кол­ле­дж­де оқи­тын­дар 4 ЖОО ЖОО сту­дент­те­рі: ака­де­мия, уни­вер­си­тет, ин­сти­тут және оған те­ңе­сті­рі­л­ген (кон­сер­ва­то­рия, жо­ға­ры мек­теп, жо­ға­ры әс­ке­ри учи­ли­ще) 5 ЖОО-дан кей­ін­гі ЖОО-да те­рең­де­ті­л­ген бағ­дар­ла­ма бой­ын­ша оқу­ды ас­пи­ран­ту­ра, ма­ги­стра­ту­ра және док­то­ран­ту­ра­да жал­ға­сты­ру­шы 6 бі­лік­ті­лік­ті кө­те­ру кур­ста­ры Жал­пы бі­лім бер­мей­тін мек­теп пен кур­стар­да оқи­тын­дар (кур­стық оқу ком­би­на­ты (бө­лім), қай­та дай­ын­дау және бі­лік­ті­лік арт­ты­ру кур­ста­ры, оқу орын­да­рын­да­ғы дай­ын­дық кур­ста­ры, со­ны­мен қа­тар кә­сіп­тік бі­лім бе­ре­тін кур­стар)
Тармақ 15
15. «Жұмыспен қамтылу жағдайы» 21-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 4-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. 4-кесте Код Жұ­мыспен қам­ты­лу жағ­дайы Анық­та­ма 1 жал­да­ма­лы қыз­мет­кер Ең­бек шар­ты, ке­лі­сім­шарт негі­зін­де, ауыз­ша ке­лі­сім бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер 2 жұ­мыс бе­ру­ші Өзі­нің же­ке мен­шік кә­сі­пор­нын бас­қа­ра­тын неме­се өз бе­тін­ше кә­сі­би, ком­мер­ци­я­лық әре­кет­пен ай­на­лы­са­тын және бір неме­се бір­не­ше жұ­мыс­шы жал­дап жұ­мыс іс­тей­тін адам­дар 3 же­ке негіз­де жұ­мыс іс­те­у­ші же­ке мен­шік негіз­де жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер 4 Же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен (же­ке аула­сы­мен) ай­на­лы­су­шы Тек же­ке өз ша­ру­а­шы­лы­ғын­да ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы және (неме­се) мал ба­ғу жұ­мыста­ры­мен ай­на­лы­са­тын тұ­лға­лар Же­ке ша­ру­а­шы­лы­ғы бол­ма­ған жағ­дай­да тұ­лға­лар­ға бұл код қой­ыл­май­ды 5 өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив мү­ше­сі Өн­ді­рі­сті ұй­ым­да­сты­ру, өнім өт­кі­зу, ин­ве­сти­ци­я­лау және кә­сі­по­рын мен ко­опе­ра­тив мү­ше­ле­рі ара­сын­да кір­ген кі­рі­сті бө­лу мә­се­ле­ле­рін ше­шу ба­ры­сын­да ұжым­ның әр­бір мү­ше­сі­нің тең құқы­ғы бар, же­ке мен­шік кә­сі­по­рын­да (ко­опе­ра­тив­те) жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер, та­у­ар өн­ді­ру­ші­лер және қыз­мет көр­се­те­т­ін­дер 6 от­ба­сы­лық кә­сі­по­рын­ның ақы тө­лен­бей­тін жұ­мыс­ке­рі ша­руа (фер­мер­лік) қо­жа­лы­ғын­да, өн­ді­рі­стік ко­опе­ра­тив­те, туы­ста­ры­ның қа­ра­ма­ғын­да­ғы же­ке мен­шік кә­сі­по­рын­дар­да (же­ке, от­ба­сы­лық) ақы­сыз жұ­мыс іс­тей­тін адам­дар 7 жұ­мыс­сыз Жұ­мысы неме­се та­быс кө­зі жоқ адам­дар
Тармақ 16
16. «Күнкөрістің қаражат көзі» 22-жолда үй шаруашылығының барлық мүшелеріне осы жолда келтірілгендердің біреуіне сәйкес келетін код қойылады. Кодты қою кезінде 5-кестеде келтірілген деректерді пайдалану қажет. 5-кесте Код Күн­кө­рі­стің қа­ра­жат кө­зі Анық­та­ма 1 жал­да­ма­лы жұ­мыстан та­быс Ақы­ны (сый­ды) жа­ла­қы, сый­а­қы, үсте­ме неме­се заттай түр­де тө­леу қа­рас­ты­ры­л­ған, жал­дау ке­лі­сім шар­ты бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­т­ін­дер 2 өз бе­тін­ше жұ­мыс іс­те­уден та­быс (же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­тан бас­қа) Ақ­ша неме­се заттай түр­де та­быс неме­се от­ба­сы­лық кі­ріс алу үшін өзі­нің ең­бек қыз­ме­тін өз кә­сі­пор­ны­ның мен­шік құқы­ғын­да жү­зе­ге асы­ра­тын­дар -"- Же­ке мен­шік кә­сі­по­ры­ны бар, бі­рақ қан­дай­да бір се­беп­пен жұ­мыс іс­те­мей­тін адам­дар 3 же­ке қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лық­та­ғы жұ­мыс Са­ту мақ­са­тын­да өзі­нің қо­сал­қы ша­ру­а­шы­лы­ғын­да (бау-бақ­ша­ны қо­са), ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы және (неме­се) мал ба­ғу жұ­мыста­ры­мен ай­на­лы­са­тын тұ­лға­лар -"- Өз ша­ру­а­шы­лы­ғын­да өзі­нің тұ­ты­нуы үшін өнім өн­ді­ре­тін адам­дар тек үй ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның жал­пы тұ­ты­нуын­да ма­ңы­зды үле­сті қам­та­ма­сыз ете­тін қыз­мет болған жағ­дай­да ға­на бел­гі­ле­не­ді 4 сти­пен­дия Кә­сі­по­рын­дар мен ұй­ым­дар­да оқу­ға тө­ле­не­тін сти­пен­ди­я­ны қо­са, сти­пен­дия ала­тын оқу­шы­лар мен сту­дент­тер 5 зей­не­та­қы Қарт­тығы (жа­сы) бой­ын­ша зей­не­та­қы ала­тын адам­дар 6 Жәр­де­ма­қы Ай сай­ын әле­умет­тік жәр­де­ма­қы ала­тын адам­дар: мү­ге­дек­ті­гі, асы­ра­у­шы­сы­нан ай­ы­ры­л­ған жағ­дай, жа­сы бой­ын­ша, ба­ла­лар­ға. Со­ны­мен қа­тар код жәр­де­ма­қы ал­ған адам­ға емес, та­ғай­ын­дал­ған адам­ға қой­ы­ла­ды 7 туы­с­қан неме­се жа­қын­дар­дан кө­мек Туы­сқан­да­ры неме­се бас­қа адам­дар­дың қа­ра­жа­ты­на күн кө­ре­тін, сон­дай-ақ али­мент тө­ле­не­тін адам­дар. Со­ны­мен қа­тар код оны ала­тын­дар­ға емес, ма­те­ри­ал­дық кө­мек көр­се­ті­ле­т­ін­дер­ге қой­ы­ла­ды 8 же­ке мен­шік­тен та­быс, ди­ви­дент­тер, сый­лы­қа­қы­лар Несие бе­ре­тін, олар­дың ақ­ша­лай са­лым­да­рын пай­да­лан­ға­ны үшін пай­ы­здық тө­лем, кре­дит, қарыз тү­рін­де та­быс ала­тын са­лым­шы, кре­ди­тор бо­лып та­бы­ла­тын адам­дар -"- Ак­ци­я­ға ие (ак­ци­о­нер) бо­лып та­бы­ла­тын, ак­ци­о­нер­лік қо­ғам­нан ди­ви­дент тө­ле­мі тү­рін­де та­быс, ак­ци­я­ны өт­кі­зу­ден кур­стық ай­ыр­ма­шы­лық ала­тын адам­дар -"- Жи­нақ­тан, пәтер­ді, ав­то­кө­лік­ті, га­раж­ды жал­ға бе­ру­ден тө­лем тү­рін­де та­быс ала­тын адам­дар 9 өзге­сі Жо­ға­ры­да атал­ма­ған күн­кө­ріс көз­де­рі