О внесении изменений и дополнений в решение акима Афанасьевского сельского округа района Шал акына от 10 февраля 2010 года № 8 "О присвоении наименований составным частям населенных пунктов Афанасьевского сельского округа района Шал акына" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шал ақын ауданы Афанасьев селолық округінің елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы" Шал ақын ауданы Афанасьев селолық округі әкімінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 8 шешіміне өзгертулер және толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 37-бабы, 35-бабының 2-тармағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 4-тармағы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 24 наурызынан № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 21-бабының, Афанасьев селолық округі азаматтарының жиындағы шешімін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Шал ақын ауданы Афанасьев селолық округі әкімінің 2010 жылғы 10 ақпанынан № 8 «Шал ақын ауданы Афанасьев селолық округінің елді-мекендерінің көшелеріне атаулар беру» шешіміне (2010 жылғы 9 наурызда 13-14-97 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген, 2010 жылдың 19 наурызында ауданық «Парыз» газетінің № 12 нөмірінде және 2010 жылдың 19 наурызында № 13 нөмірінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін: 1 тармақта 1), 3), 4) тармақшалар жаңа маңызында баяндалсын: «1) Афанасьевка селосы бойынша: Бірінші көшеге – Целинная, Екінші көшеге – Школьная, Үшінші көшеге – Конституция, Бесінші көшеге – А.Құнанбаев, Алтыншы көшеге – Элеваторная, Афанасьев орта мектебінің оңтүстігі жағындағы А.Құнанбаев көшесінен Целинная көшесінің қиылысындағы қалтарыс - Расул Гамзатов, Овражная көшесінің солтүстігіндегі А.Құнанбаев көшесінен Целинная көшесіне дейінгі қалтарыс – Гагарин. Конституция көшесінен Целинная көшесіне дейінгі қалтарыс – Оңтүстік»; «3) Садовка селосы бойынша: Бірінші көше – Жамбыл Жабаев. Екінші көшеге – Абай Құнанбаев, Абай Құнанбаев көшесінің солтүстігі жағындағы қалтарыс- Сәкен Сейфуллин»; «4) Двойники селосы бойынша: Бірінші көшеге – Конституция, Екінші көшеге – Школьная, Үшінші көшеге – Ш.Уәлиханов».
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн откен соң қолданысқа енгізіледі.