О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 августа 2011 года № 220 "Об утверждении статистических форм общегосударственного статистического наблюдения по статистике занятости и инструкций по их заполнению" Қолданыста
Басқа 0
"Жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 10 тамыздағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында, сондай-ақ «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жұмыспен қамту статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2011 жылғы 10 тамыздағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 31 тамыздағы № 7149 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1, 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Заң департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Стратегиялық даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
Тармақ 5. Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы
5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Әбденов _________________
2012 жылғы «___» ___________
Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 301 бұйрығына
1-қосымша
Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысан
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 10 тамыздағы
№ 220 бұйрығына
1-қосымша
Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады
Статистикалық нысан коды 1856102
Индексі Т-002
Тоқсандық
Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақыт, сағат (қажетiн қоршау керек)
1 сағатқа дейін
1-2
2-4
4-8
8-40
40 сағаттан артық
Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы
Есепті кезең
жыл
1. Аумақтың (елді мекеннің) атауы ___________________________________
2. АӘОЖ бойынша елді мекеннің коды1 ………………
3. Елді мекен типінің коды (1 - қала, 2 - ауыл) ……………………………………
4. Даңғыл, көше, алаң, тұйық көше ___________________________________
5. Үйдің № ………………………………………………………………………………………
6. Пәтердің № ………………………………………………………………………………
7 Үй шаруашылығының № _______________________________________________
8. Іріктеме коды ………………………………………………………………………
9. 1-Респондент _____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
10. Сұхбатты жүргізу күні:
1 №
күні
айы
жылы
2 №
күні
айы
жылы
3 №
күні
айы
жылы
4 №
күні
айы
жылы
________________________
1Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші ҚР МК 11-2009
Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы2
Назар аударыңыз: Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасын интервьюер толтырады
Жол коды
респонденттің №
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Үй шаруашылығы басшысына қатынасы
сөзбен
01
ХХХХХ
код
02
Х
Туған күні
жыл
03
ай
04
күні
05
Жынысы
ер – 1
06
әйел – 2
07
Отбасылық жағдайы
08
Азаматтығы
09
Пікіртерім сәтіндегі аттестат немесе дипломмен расталған, барынша қол жеткізген білімінің деңгейі
ақпан
10
мамыр
11
тамыз
12
қараша
13
Тоқсандық сұхбат жүргізген кездегі үй шаруашылығы құрамындағы өзгерістерді атап көрсетуіңізді өтінеміз:
ақпанда
14
мамырда
15
тамызда
16
қарашада
17
Назар аударыңыз: келесі деректер тоқсан сайын жүргізілген сұхбат бойынша толтырылады
Респонденттің экономикалық сипаттамасы:
ақпанда
18
мамырда
19
тамызда
20
қарашада
21
Негізгі қызметте жұмыспен қамтылу мәртебесі:
ақпанда
22
мамырда
23
тамызда
24
қарашада
25
Қосымша қызметте жұмыспен қамтылу мәртебесі:
ақпанда
26
мамырда
27
тамызда
28
қарашада
29
Негізгі жұмыстағы экономикалық қызметтің басым түрінің коды:
ақпанда
30
мамырда
31
тамызда
32
қарашада
33
Кәсіп коды3:
ақпанда
34
мамырда
35
тамызда
36
қарашада
37
Үй шаруашылығының байланыс ақпараты (телефон)
38
________________________
2Көрсеткіштерді кодтау «Үй шаруашылығы құрамының бақылау карточкасы» статистикалық нысанының қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
3Кәсіп коды www.stat.qov.kz/әдіснама/жіктеуіштер сайтында орналасқан қызметтер жіктеуіштеріне сәйкес толтырылады
Басқа 1. Көрсеткіштер кодының кестесі
«Үй шаруашылығы құрамының бақылау
карточкасы» (коды 1856102, индексі Т-002,
мерзімі тоқсандық) статистикалық нысанына
қосымша
Көрсеткіштер кодының кестесі
Үй шаруашылығы басшысына қатынас коды
Азаматтық коды
Білім деңгейінің коды
1 – үй шаруашылығының басшысы
2 – күйеуі, әйелі
3 – ұлы, қызы
4 – әкесі, анасы
5 – ағасы/інісі, әпкесі/сіңлісі
6 – атасы, әжесі
7 – немересі
8 – басқа деңгейдегі туыстық
9 – туыс емес (туыстық жоқ)
1 – Қазақстан Республикасы
2.1 – ТМД елдерінің
2.2 – басқа елдер (ТМД-дан тыс)
1 – бастауыш білімі жоқ
2 – бастауыш
3 – негізгі
4 – жалпы орта
5 – бастауыш кәсіптік
6 – орта кәсіптік (арнайы)
7 – аяқталмаған жоғары
8 – жоғары
9 – ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты немесе докторы)
Отбасылық жағдайының коды
1 - некеде тұрады
2 – ажырасқан
3 – тұл ер, жесір әйел
4 – ешқашан некеде тұрмаған
Құрылымның өзгеру мәртебесінің коды
Респонденттің экономикалық сипаттамасының коды
1 - тұрақты кетті
2 - тұрақты келді
3 - уақытша кетті
4 - уақытша келді
1 – жұмыспен қамтылған
2 – жұмыссыз
3 – зейнеткер
4 – оқиды (күндізгі оқу бөлімінің студенті)
5 – мүгедектікке байланысты еңбекке жарамсыз
6 – үй шаруашылығын жүргізеді
Кету (келу) себептерінің коды
Негізгі қызметтегі экономикалық қызметтің басым түрлерінің коды
1 – туу
2 – өлім
3 – жұмыс (Қазақстан Республикасы аумағында)
4 – жұмыс (Қазақстан Республикасы аумағы шегінен)
5 – неке
6 – ажырасу
7 – оқу
8 – әскердегі қызмет
9 – басқа (ауруханада, бас бостандығынан айыру орындарында, басқа орынға көшіп кету және тағы басқа)
1 - Ауыл, орман және балық шаруашылығы
2 - Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
3 - Өңдеу өнеркәсібі
4 - Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау
5 - Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
6 - Құрылыс
7 - Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу
8 - Көлік және қоймалау
9 - Тұру және тамақтану бойынша қызметтер
10 - Ақпарат және байланыс
11 - Қаржы және сақтандыру қызметі
12 - Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
13 - Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
14 - Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет
15 - Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету
16 - Білім беру
17 - Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
18 - Өнер, ойын-сауық және демалыс
19 - Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну
20 - Жеке тұтыну үшін үй қызметкерлерін жалдайтын және тауарлар мен қызметтерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі
21 - Аумақтан тыс ұйымдардың және органдардың қызметі
Қызмет мәртебесінің коды
1 – жалдамалы жұмыс
2 – жұмыс беруші
3 – өз бетінше жұмыспен қамтылу
4 – отбасы кәсіпорнындағы көмекші жұмысшы
5 – кооператив мүшесі
6 – үй жанындағы жұмыс
Басқа 2. «Үй шаруашылықтары құрамын бақылау карточкасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1856102, индексі T-002, кезеңділігі тоқсандық) толтыру бойынша нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2012 жылғы 1 қарашадағы
№ 301 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2011 жылғы 10 тамыздағы
№ 220 бұйрығына
2-қосымша
«Үй шаруашылықтары құрамын бақылау карточкасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1856102, индексі T-002, кезеңділігі тоқсандық) толтыру бойынша нұсқаулық
Тармақ 1
1. Бұл Үй шаруашылықтары құрамын бақылау карточкасы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 1856102, индексі T-002, кезеңділігі тоқсандық) толтыру бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және «Үй шаруашылықтары құрамын бақылау карточкасы» (коды 1856102, индексі Т-002, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру тәртібін нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы статистикалық байқау үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тізімін құру және олардың әрбіреуі бойынша демографиялық сипаттама алуға арналған.
Байқауға халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуге қатысатын барлық үй шаруашылықтары жатады. Үй шаруашылықтары құрамын бақылау карточкасын (бұдан әрі – Бақылау карточкасы) пікіртерім жүргізуге уәкілетті тұлға толтырады (бұдан әрі - интервьюер). Бақылау карточкасы бірінші рет (ақпанда) барғанда толтырылады, тоқсан сайын (мамырда, тамызда, қарашада) нақтылау жүргізіледі.
Тармақ 3
3. «Аумақтың атауы» тармағының титулдық парағында облыстың (қаланың), ауданның (аудан) және ауылдың (елді мекеннің) атауы жазылуы керек. 2-тармақтан бастап 10-тармаққа дейін интервьюерлерге ұсынылған зерттелетін үй шаруашылықтарының деректемелеріне сәйкес толтырылады.
Тармақ 4
4. Бақылау карточкасының 01-17-жолдарында интервьюермен үй шаруашылықтары мүшелерінің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасы жазылады.
Бақылау карточкасының тиісті жолдарындағы көрсеткіштерді кодтау статистикалық нысанының қосымшасында берілген «Көрсеткіштер кодтарының кестесіне» сәйкес жүргізіледі. Мысалы, «Үй шаруашылығы басшысына қатынас коды», «Азаматтық коды», «Білім деңгейінің коды», «Отбасылық жағдайының коды» және тағы басқалары.
1-бағанның 01 және 02-жолдары боялған. Осы жолдар бойынша қалған бағандар бойынша үй шаруашылығы басшысына қатыстылығы сөзбен жазылады және коды қойылады.
03 және 05-жолдарда сәйкесінше үй шаруашылығының әр мүшесінің туылған жылы (төрт таңбалы), айы (екі таңбалы) және күні (екі таңбалы) жазылады.
06-07-жолда жынысы жазылады.
08-жолда отбасылық жағдайының кодтарына сәйкес отбасылық жағдайы көрсетіледі.
09-жолда кодтарына сәйкес үй шаруашылығы мүшелерінің азаматтығы көрсетіледі.
10-13-жолдарда пікіртерім сәтінде табельмен, аттестатпен немесе оқу орнын бітіргені туралы дипломмен құжаттық расталатын қол жеткізген білімінің ең жоғарғы деңгейі кодтарға сәйкес көрсетіледі. Егер тыңдалған білім курсы туралы анықтамасы бар болған жағдайда баған толтырылмайды. Аяқталғаннан кейін сертификат немесе куәлік берілетін курстарда білім алуы мен оқуы есептелмейді. Бастауыш білімі жоқ адамдар санатында ешқандай білімі жоқ ересек адамдар саналады. Бастауыш білімі барларға – 4 сыныпты бітіргендер, негізгі орта – 9 сыныпты аяқтағандар, орта (толық) жалпы – 11 сыныпты, алғашқы кәсіптік – кәсіптік-техникалық училище, орта кәсіптік – колледж, техникум, жоғары – университет, институт, академияны бітірген адамдар жатады. Егер үй шаруашылығының мүшесі докторантураны аяқтағаннан кейін диссертация қорғаса, ол ғылыми атақ алған болып саналады.
Егер зерттеу мерзімі кезеңінде (кейінгі тоқсандарда) үй шаруашылығы құрамы өзгерген жағдайда екі таңбалы кодтарды көрсете отырып, 14-17-жолдарда тиісті белгілерді қояды: құрамының өзгеру мәртебесі және кету (келу) себептері.
Егер үй шаруашылығында бірге тұратын мүшелері болса, алайда, олар уақытша болмаса, мәселен, әскердегі қызметте, ауруханада немесе студент болса, бұл жағдайда 14-17-жолдарда тиісті екі таңбалы кодтары қойылады.
Егер үй шаруашылығында жаңа мүше пайда болса (туылса немесе уақытша келсе), онда 14-17-жолдарда тиісті екі таңбалы кодтары қойылады.
18-21-жолдарда интервьюер респонденттің экономикалық сипаттамасының тиісті белгілерін көрсетеді және екі таңбалы кодтарын қояды.
22-25-жолдарда интервьюер негізгі қызметі статусының тиісті белгілерін көрсетеді және екі таңбалы кодтарды қояды.
26-29-жолдарда интервьюер тиісті белгілерді көрсетеді және респонденттің қосымша жұмысы болса “v” белгісін қояды.
30-33-жолдарда интервьюер негізгі қызметіндегі экономикалық қызметтің басым түрінің кодын қояды.
34-37-жолдарда интервьюер кәсіп кодын қызмет жіктеуішіне сәйкес қояды.
38-жолда интервьюер респондентпен байланысатын ақпаратты қояды.
Тармақ 5
5. Үй шаруашылығын бақылау карточкасын интервьюер екі данада толтырады. Бір данасы үй шаруашылығы зерттеуін жүргізетін және интервьюердің жұмысын бақылайтын статистика департаменті қызметкеріне (супервайзерге) беріледі, екіншісі – интервьюерде қалады. Онда интервьюер тоқсандық сұхбаттарды жүргізу кезінде үй шаруашылығының құрамында болған барлық өзгерістерді (олар болған жағдайда) енгізеді.
Тармақ 6
6. Пікіртерімді бітірген соң, интервьюер қандай болса да бір бөлімдер немесе сұрақтар қалып кетпегендігіне көз жеткізу үшін статистикалық нысанды тексереді және респонденттерге ынтымақтастығы және көмектескендері үшін міндетті түрде алғыс білдіреді. Интервьюер үй шаруашылығынан тыс жерде статистикалық нысанды қайта қарап шығады және егер қандай да бір сәйкессіздік тапса, онда үй шаруашылығына қайта баруы (жеке немесе телефонмен) және жеткіліксіз ақпаратты анықтауы керек.