О внесении изменений в решение маслихата от 10 июня 2011 года № 390 «Об утверждении поправочных коэффициентов к базовой ставке платы за земельные участки и границ зон земель города Лисаковска» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 «Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қостанай облыстық мәслихатының 2011 жылғы 10 маусымдағы № 390 «Лисаков қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3764 тіркелген, 2011 жылғы 2 шілдеде «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Лисаков қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы»; 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.»; жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын: «Лисаков қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы ________________ Н. Абдуов