О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 10 мая 2011 года № 76 «Об утверждении Правил и условий присвоения статуса «Национальный» государственным организациям культуры, отдельным профессиональным художественным, творческим коллективам» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 76 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің қағидасы мен шарттары (бұдан әрі – Қағида) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға «Ұлттық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
2-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) музейлер:
кемінде жиырма бес жыл немесе астанада орналасқан республикалық меншіктегі музейлер – кемінде он жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады;
кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді;
жеке тұрған ғимараты болады;
халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады;
музей қорының құрамында ұлттық мәдени игілік болып табылатын мәдени құндылықтардың кемінде он пайызы болады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) кітапханалар:
кемінде жиырма бес жыл тұрақты және тиімді қызметті жүзеге асырады;
кәсіпқойлықты, жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін өз қызметінде инновациялар енгізеді;
жеке тұрған ғимараты болады;
халықаралық бағдарламалар мен жобаларға қатысады;
кітапхана қорының құрамында сирек кездесетін қолжазбалар, көне кітаптар, құжаттар мен басылымдар коллекциялары болады, олардың кемінде он пайызы ұлттық мәдени игілік болып табылады.».
Тармақ 2
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.