О внесении изменения в постановление акимата области от 10 декабря 2012 года N 389 "Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" N 389 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" 2012 жылғы 10 желтоқсандағы N 389 қаулысына (Алматы облысының әділет Департаментімен 2012 жылдың 21 желтоқсанында N 2252 тіркелген, "Огни Алатау" және "Жетісу" газеттерінде 2012 жылғы 27 желтоқсанында жарияланған N 144) келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспедегі "4) тармақшасына" деген сөздер "7) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серік Мейірханұлы Мұқановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Облыс әкімдігінің 2014 жылғы "19" қыркүйектегі N 337 қаулысына қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы N Нысанның атауы Мекен жайы 1 "Әлемді" сауда үйі Талдықорған қаласы, Біржан Сал көшесі, N 50/52 2 "Салтанат" сауда үйі Қапшағай қаласы, 2 шағын аудан, N 2 үй 3 "Алатау" сауда үйі Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, N 90 4 "Книги" дүкені Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Жмутская көшесі, N 29/3 5 "Книги" дүкені Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, N 43 6 "Әмбебап" дүкені Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, N 6 7 "Алакөл базары" Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Д.Қонаев көшесі, Алакөл базары, N 2 бутигі 8 "Гүлзат" сауда үйі Балқаш ауданы, Бақанас ауылы, Сейфулин көшесі, N 2/22 9 "Солнечный" дүкені Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын адам көшесі, N 119 А 10 "Ақжол" дүкені Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы, Абай көшесі, N 134 11 "Агиян" дүкені Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Ескелді би көшесі, N 87 12 "HIT" супермаркеті Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, N 51 13 "Халал" дүкені Іле ауданы, Боралдай кенті, Абылайхан көшесі, N 2 14 "Бекзат" сауда үйі Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абылайхан көшесі, N 19 15 "Шаңырақ" дүкені Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кенті, Рысқұлов көшесі, N 3 16 "Шаған" дүкені Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесі, N 1 17 "Сымбат" дүкені Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Әзімжанов көшесі, N 25 18 "Современное домашнее хозяйство" сауда үйі Талғар ауданы, Талғар қаласы, Гагарин көшесі, N 122 19 "Алимжан" дүкені Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, К. Исламов көшесі, N н/з үй 20 "Жанна" дүкені Текелі қаласы, М. Әуезов көшесі, N 32 үй