О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 октября 2012 года № 15-07/510 "Об утверждении квот закупа зерна в государственные ресурсы зерна в разрезе областей из урожая 2012 года" Қолданыста
Басқа 0
"2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 15-07/510 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7997 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.С. Хасенов) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Басқа 4. 2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 12 қарашадағы
№ 15-07/571 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрiнiң
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 15-07/510 бұйрығымен
бекітілген
2012 жылғы өнімнен мемлекеттік астық ресурстарына облыстар бойынша астық сатып алу квоталары
Облыс атаулары
Мемлекеттік ресурстарға астық сатып
алу квотасының көлемі, мың тонна
Ақмола
41,0
Шығыс Қазақстан
8,0
Қарағанды
5,5
Қостанай
52,2
Павлодар
3,0
Солтүстік Қазақстан
59,1
БАРЛЫҒЫ
168,8