О внесении изменения в постановление акимата от 10 января 2012 года № 2 "Об организации оплачиваемых общественных работ в 2012 году" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-198 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары Ә.С.Сапароваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Әкімдіктің 2012 жылғы 3 шілдедегі № 312 қаулысына қосымша Әкімдіктің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысымен бекітілген Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі Ұй­ым­ның ата­уы Жұ­мыстың түр­ле­рі Жұ­мыстың кө­лем­де­рі Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың ұз­ақ­тығы Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны Қар­жы­лан­ды­ру кө­зі Ең­бе­гіне тө­ле­не­тін ақы­ның мөл­ше­рі Қо­ғам­дық жұ­мыстар­ға ақы тө­леу Қо­ғам­дық жұ­мыстар­дың нақ­ты жағ­дай­ла­ры Ли­саков қа­ласы әкімді­гінің "Ұста" мем­ле- кет­тік ком­му- нал­дық кә­сіпор­ны Қыметкердің ал­дын ала кә­сі­би да­яр­лығын та­лап ет­пейтін, Ли­са­ков қа­ла­сының ау­ма­ғын абат­танды­ру­ға және кө­гал- дан­ды­руға, Ли­са­ков қа­ла­сының, Ок­тябрь кен­тінің, Крас­ногор село­сы­ның аумақ­тарын сани­тар­лық та­за­лауға қа­ты­су Ли­са­ков қа­ла­сы- 23953920 шар­шы метр; Ок­тябрь кен­ті– 3992320 шар­шы метр; Крас­но- гор се­ло­сы – 1996160 шар­шы метр 3 ай Бар­лы- ғы: 130 адам, оның ішін- де: Ли­са- ков қа­ла- сын­да- 106 адам, Ок- тябрь кен- тін­де -16 адам, Крас- но­гор се­ло- сын­да -8 адам Ли­са- ков қа­ла- сы­ның бюд­же- ті Ай­ы­на ең тө­мен- гі 2 жа­ла­қы мөл­ше- рі Бар­лы­ғы 2012 жы­л­ға: 14312,0 мың тең­ге қа­рал­ды, оның ішін­де қо­ғам­дық жұ­мыстар­ды ұй­ым­да­сты- ру­ға: Ли­са­ков қа­ла­сын­да 11450,0 мың тең­ге, Ок­тябрь кен­т­ін­де 1908,0 мың тең­ге, Крас­но­гор се­ло­сын­да 954,0 мың тең­ге.
Тармақша 1
1) жұ­мыс уа­қы­ты­ның ұз­ақ­тығы ап­та­сы­на 40 са­ғат­тан ас­па­у­ға ти­іс;
Тармақша 2
2) заң­нама­ға сәй­кес ең­бек жағ­дай­ла­ры мен қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету, қа­уіп­сіздік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қау жүр­гі­зу;
Тармақша 3
3) Қа­зақстан Респуб­ли­касы ның қолда­ны­с­та­ғы заң­на­масы­на сәй­кес уа­қыт­ша ең­бек­ке жа­рам­сызды­ғы бой­ын­ша әле­умет­тік жәр­де­ма­қы тө­ле­уді қам­та­ма­сыз ету;
Тармақша 4
4) Қа­зақстан Рес­пуб­лика­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес жұ­мыс бе­ру­ші мен жұ­мыс­кер ара­сын­да­ғы бар­лық ең­бек қа­ты­на­старын сақ­тау;
Тармақша 5
5) зейнета­қы­мен қам­сызданды­ру және сақ­тан­ды­ру ту­ра­лы заң­на­ма­ны сақ­тау.