О внесении изменения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Ақтоғай аудандық
мәслихатының 2012 жылғы
10 сәуірдегі «Ақтоғай
ауданының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесін бекіту туралы »
№ 31 шешіміне өзгеріс енгізу
туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі «Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» №31 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы №22 (7339) «Тоқырауын тынысы» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 17 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.