О внесении изменения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы № 22 (7339) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Ереженің 17 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "17. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндетін атқарушы К. Бекишева 10 қыркүйек 2014 жыл