О внесении изменении в постановление акимата Алматинской области от 10 декабря 2012 года № 389 «Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения и согласовании расположения помещений для проведения религиозных обрядов за пределами культовых зданий (сооружений)» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 қаулысына «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2252 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы»; көрсетілген қаулының 2 тармағы алынып тасталсын; көрсетілген қаулының 1 - қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы әкімдігінің 2022 жылғы 1 наурыздағы № 46 қаулысына қосымша Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 389 қаулысына 1 - қосымша Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасуы № Нысанның атауы Мекен жайы 1. «Алакөл» сауда базары Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, Қонаев көшесі, Алакөл базары, № 2 бутигі 2. «Нұр-Ислам» дүкені Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Бесбаев көшесі, № 29/3 3. «Бақдәулет қазынасы» дүкені Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Абай көшесі, № 30 а 4. «Алатау» сауда үйі Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай хан көшесі, № 90 5. «Бизнес орталық» Қарасай ауданы, Қаскелен қаласы, Абылай хан көшесі, № 233 6. «Ырыс» сауда үйі Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Б. Момышұлы көшесі, № 19 б 7. «Асыл Қазына» кітап дүкені Талдықорған қаласы, Оңтүстік-батыс тұрғын ауданы, ғимарат, № 13/1 8. «Әлемді» сауда үйі Талдықорған қаласы, Біржан сал, көшесі, № 50/52 9. «Әмбебап» дүкені Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, № 6 10. «Сымбат» дүкені Кеген ауданы, Кеген ауылы, Әзімжанов көшесі, № 25 11. «Солнечный» дүкені Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алтын адам көшесі, № 119А 12. «НІТ» супермаркеті Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, № 51 13. «Бекзат» сауда үйі Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, № 19 14. «Шаған» дүкені Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Қабанбай батыр көшесі, № 1 15. «Современное домашнее хозяйство» сауда үйі Талғар ауданы, Талғар қаласы, Ю.Гагарин көшесі, № 122 16. «Жанна» дүкені Текелі қаласы, М. Әуезов көшесі, № 32 үй 17. «Жақсылық» сауда үйі Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Ескелді би көшесі, № 107