О внесении изменений в решение районного маслихата от 10 декабря 2013 года № 138 «Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №138 Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 мамырдағы «әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысын қарап, Махамбет аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №138 «Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №2801 санымен тіркелген, «Жайық шұғыласы » газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсанында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2-қосымшасының: 8-жолдағы «5 000» деген сандар «100 000» деген сандармен ауыстырылсын. 9-жолдағы «5 000» деген сан «100 000» деген санмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Р.Тұрдағали) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.