О внесении изменения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району» Күшін жойған
Басқа 0
«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Байзақ аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2 - 3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20 - 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда аудандық №98 - 99 «Ауыл жаңалығы – Сельская новь» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген Қағидаға келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген, шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасының:
6 – тармақтың екінші абзацы келесі басылымда жазылсын:
- "дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы адамдарға ай сайын 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 14 000 (он төрт мың) теңгеден үш ай қатарынан әлеуметтік көмек көрсетіледі".
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.