О внесении изменений в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанында аудандық № 98-99 «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімімен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 3 тармақта: 2) тармақшада: «әкімінің шешімімен» деген сөздер «әкімдігінің қаулысымен» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) тармақшада: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облыстық филиалының Байзақ аудандық бөлімшесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 6 тармақта: 1) тармақшада: «арнайы комиссияның анықтауы бойынша» деген сөздер «Байзақ ауданының әкімдігінің қаулысымен бекітілген тізім бойынша ұсынылады» деген сөздермен ауыстырылсын; 7 тармақта: 3) тармақшада: «жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады» деген сөздер «жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда бір рет көрсетіледі» деген сөздермен ауыстырылсын; 18 тармақта: абзацтағы «17 және 18 - тармақтарында» деген сөз «14 және 15 тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 6 тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) бір жолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін арнайы комиссияның қорытындысымен тағайындалады»; 21 тармақта: 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда бір рет жүзеге асырылады».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.