Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Бұйрық · № 42/қе · қабылданған 04.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-182-ekb-143615/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 42/қе ·04.06.2020
04.06.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 42/қе · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
42/қе
Қабылданған күні
04.06.2020
Көрсетілген редакция
04.06.2020 143615_466495.kaz
Соңғы өзгеріс
04.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020834
ЭКБ идентификаторы
143615
Редакция идентификаторы
143615_466495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:12

0

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы

10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Әскери полиция органдарының гаупвахтасына күдіктілер мен
айыпталушыларды қабылдау және орналастыру»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды жеке тінту, саусақтарының
таңбасын алу, фотоға түсіру және заттарын тексеріп қарау»;
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-тарау. Күдіктілерден немесе айыпталушылардан сақтауға және
пайдалануға тыйым салынған құжаттарды, заттарды, нәрселерді,
бұйымдарды, заттектерді, құндылықтарды, ақшалар мен
азық-түліктерді алу»;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды
материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету»;
6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-тарау. Гауаптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың
сауқаттарды, сәлемдемелер мен ақшалай аударымдарды алуы және жіберуі»;
7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың
жеделхаттар мен хаттарды алуы және жөнелтуі, сондай-ақ
арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды жолдауы»;
8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушылардың дiни рәсімдерді жасауы»;
9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың газеттерге және журналдарға жазылуы»;
10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«10-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларды
медициналық-санитарлық қамтамасыз ету»;
11-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«11-тарау. Күн сайын серуенге шығару»;
12-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушылардың қорғаушылармен, туыстарымен және өзге де адамдармен кездесуі»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілер мен айыпталушыларға сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адамның немесе органның рұқсаты негізінде туыстарымен және өзге де адамдармен айына әрқайсысының ұзақтығы үш сағатқа дейін екі реттен аспайтын кездесулер беріледі.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген адвокат куәлігін және қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарламаны көрсетуі бойынша – қорғаушы ретінде іске қатысушы адвокатпен кездесу»;
13-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«13-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың тергеу амалдары мен сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету»;
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Гауптвахтаға жабылған күдіктілер мен айыпталушыларға
көтермелеу мен жазалауды қолдану»;
15-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды
гауптвахта бастығының жеке қабылдауы»;
16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-тарау. Күдіктілер мен айыпталушылардың денелерін беру»;
17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«17-тарау. Гауптвахтада ұсталушы күдіктілерді және айыпталушыларды босату».

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы