О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2014 года № 787 «Об утверждении Правил назначения, возврата и размера единовременной денежной выплаты в связи с усыновлением ребенка-сироты и (или) ребенка, оставшегося без попечения родителей» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 787 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 45, 454-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау және қайтару қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Тағайындау және төлеу жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жүргізіледі.»; 7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «7. Біржолғы ақшалай төлем алу үшін бала асырап алушылардың бірі бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жердегі органға мынадай құжаттарды ұсынады:».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.