О внесении изменения в решение районного маслихата от 10 июня 2015 года № 252 «О предоставлении социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Темирского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 «Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабынының 2 тармағына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Темір аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 252 «Темір ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4387 тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде «Темір» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда көрсетілген шешімінің 1 тармағының 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;».
Тармақ 2
2. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.