О внесении изменения в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/435 «О Правилах общего водопользования в Мангистауской области» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың
қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1.«Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларына қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысының уақытша міндетін атқарушы А.Е. Ерболов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2019 жылғы 5 шілдедегі
№ 29/345 шешіміне
қосымша
Басқа 5
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/435 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында ортақ
су пайдаланудың Қағидаларына
қосымша
Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу тыйым
салынған жерлер
Ақтау қаласы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 300 метр және ені 20 метр құрайтын, 4 шағын аудан «Каспиан Ривьера» қонақүйінен бастап 5 шағын аудандағы М. Өскінбаев атындағы облыстық филармонияға дейін Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағыты;
Тармақша 2
2) ұзындығы 100 метр және ені 20 метр құрайтын «Шора» су каналының жағалау аймағы.
Түпқараған ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр құрайтын, «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолының «43 шақырымы»;
Тармақша 2
2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр құрайтын 64 шақырымдағы «Голубая бухта»;
Тармақша 3
3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр құрайтын 86 шақырымдағы «Саура»;
Тармақша 4
4) ұзындағы 3700 метр және ені 30 метр құрайтын Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырымда орналасқан «Тамшалы» және ұзындағы 3000 метр; ені 30 метр құрайтын Таушық ауылынан 20 шақырым жердегі «Сартас» жағалау аймақтары.