О внесении изменений и дополнения в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/435 «О Правилах общего водопользования в Мангистауской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2955 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар): 6 тармақтың 2) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 8 тармағына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 11-1 тармақтың 1) тармақшасына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; Қағидалардың қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және шаруашылық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзуге жол берілмейтін орындар»; Қағидалардың қосымшасы келесідей мазмұндағы абзацтармен және 1), 2), 3) тармақшалармен толықтырылсын: «Қарақия ауданы бойынша: 1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары; 2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр құрайтын Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалай аймақтары; 3) ұзындығы 3500 метр және ені 30 метр құрайтын «Абай» жүзбелі маневрлік базасы аумағынан Саржа бағытына қарай жағалау аймақтары. Мұнайлы ауданы бойынша: ұзындығы 380 метр және ені 170 метр құрайтын Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 км қашықтықта орналасқан уран кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.