О внесении изменения в решение Мангистауского областного маслихата от 10 декабря 2015 года № 29/435 «О Правилах общего водопользования в Мангистауской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 «Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2955 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларына қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Манғыстау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі «КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Басқа 3. Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 7/76 шешіміне қосымша Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/435 шешімімен бекітілген Маңғыстау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларына қосымша Маңғыстау облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын орындар Ақтау қаласы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 300 метр және ені 20 метр 4а шағын ауданында орналасқан «Каспиан Ривьера» қонақ үйінен 5 шағын аудандағы Т.Г. Шевченко ескерткішінен төмен түсу бағытындағы жағалау аймағы;
Тармақша 2
2) ұзындығы 100 метр және ені 20 метр «Шора» су каналының жағалау аймағы;
Тармақша 3
3) ұзындығы 3800 метр және ені 120 метр «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су каналының жағалау аймағы. Түпқараған ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 2000 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 43 шақырымында орналасқан жағалау аймағы;
Тармақша 2
2) ұзындығы 900 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 64 шақырымында орналасқан «Голубая бухта» жағалау аймағы;
Тармақша 3
3) ұзындығы 3200 метр және ені 30 метр «Ақтау-Форт-Шевченко» автомобиль жолының 86 шақырымында орналасқан «Саура» жағалау аймағы;
Тармақша 4
4) ұзындығы 3700 метр және ені 30 метр Форт-Шевченко қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Тамшалы» жағалау аймағы. Қарақия ауданы бойынша:
Тармақша 1
1) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Жыланды жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары;
Тармақша 2
2) ұзындығы 3000 метр және ені 30 метр Тоқмақ жерінен Кендірлі бағытына қарай жағалау аймақтары. Мұнайлы ауданы бойынша: ұзындығы 380 метр және ені 170 метр Батыр ауылдық округінен солтүстік-шығыста 7 шақырымда орналасқан кеніштері мен қалдықтары бар қауіпті көл аймағы.