О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 388 «Об утверждении Инструкции по учету, передаче и списанию сценическо-постановочных средств государственных театров и концертно-зрелищных организаций» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12630 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 344) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығаруды нақтылайды.»; 2 және 3-тараулардың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу»; «3-тарау. Сахналық-қойылым құралдарын беру және есептен шығару»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан, физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған сахналық-қойылым құралдарының бұзылуын және жойылуын ресімдеу «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 721 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33019 болып тіркелген) бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі