О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 10 февраля 2015 года № 71 «Об утверждении перечня специальных транспортных средств органов военной полиции Вооруженных Сил Республики Казахстан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10429 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының арнайы көлік құралдары тізбесіндегі 3-бөлімі атауының мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын: «3. Жедел ден қою бөлімшелерінің арнайы автомобильдері», орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығы:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;
Тармақша 2
2) бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
Тармақша 3
3) бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
Тармақ 3
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.