О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года №211 «Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов и выдача направлений на предоставление отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 10 июля 2015 года №211 «Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов и выдача направлений на предоставление отдыха детям из малообеспеченных семей в загородных и пришкольных лагерях»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №211 «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 378
- Қабылданған күні
- 25.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2018 97150_320657.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003419
- ЭКБ идентификаторы
- 97150
- Редакция идентификаторы
- 97150_320657
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:33
0 Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі №211
«Аз қамтылған отбасылардағы
балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №211 «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3256 болып тіркелген, 2015 жылы 21 шілдеде «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) 3-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11184 болып тіркелген) қолданысқа енгізілуінен бұрын емес.»;
2 2) қосымшада:
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 1)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11184 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағымен белгіленген келіп түскен құжаттарды тіркеп, 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, құжаттар Стандарттың 9-тармағымен сәйкес болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға кері қайтарады;».
2
2. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі №192 «Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2964 болып тіркелген, 2014 жылы 19 тамызда «Атырау» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.