Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»

Бұйрық · № 425 · қабылданған 10.08.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2016-no-611/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны» Қолданыста Бұйрық ·№ 425 ·10.08.2023
10.08.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»

Қолданыста Бұйрық ·№ 425 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 июня 2016 года № 611 «Об утверждении Правил хранения, учета, списания и утилизации имущества гражданской обороны»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 611 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
425
Қабылданған күні
10.08.2023
Көрсетілген редакция
10.08.2023 184942_648161.kaz
Соңғы өзгеріс
10.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033270
ЭКБ идентификаторы
184942
Редакция идентификаторы
184942_648161
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 17:23

0 «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 611 бұйрығына

толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 611 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13905 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидалары:
мынадай мазмұндағы 25-1, 25-2 және 25-3-тармақпен толықтырылсын:
«25-1 «Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкін сақтаудың шекті мерзімі өткенге дейін аккредиттелген зертханаларда сынақтан өтеді».
25-2 Аккредиттелген зертханаларда мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкіне сынақ жүргізу мерзімдері (кезеңділігі) осы Қағидаларға 2-1 - қосымшада айқындалған.
25-3 Аккредиттелген зертхананың қорытындысы азаматтық қорғаныс мүлкін есептен шығаруға немесе сақтау мерзімін ұзартуға негіз болып табылады.».
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қағидаларға 2-1 - қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтiк қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі

0 Аккредиттелген зертханаларда мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкіне сынақ жүргізу мерзімдері (кезеңділігі)

Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 10 тамыздағы
№ 425 Бұйрығына
қосымша
Азаматтық қорғаныс
мүлкін сақтау, есепке алу,
есептен шығару және
кәдеге жарату қағидаларына
2-1 - қосымша
Аккредиттелген зертханаларда мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс мүлкіне сынақ жүргізу мерзімдері (кезеңділігі)
Мүліктің атауы
Сақтау кезіндегі тексеру кезеңділігі
Зертханалық сынақтардың кезеңділігі, сынақтар үшін азаматтық қорғаныстың іріктеп алынатын мүліктер үлгілерінің саны
1. Сүзгіш газтұмшалар (азаматтық, балаларға арналған, оның ішінде респираторлар), балаларды қорғау камералары, қосымша патрондар.
Екі жылда бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі біткенге дейін алты ай бұрын; екінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі біткеннен кейінгі төрт жылдан кейін және одан әрі екі жылда бір рет. Сынау - зауыттық партиядан бес газтұмшалар, қосымша патрондар мен екі балаларға арналған қорғау камералары бойынша (газтұмшалардың толық емес партиясын сақтау кезінде - 1000 данадан 1 газтұмша) жасалады
2. Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары
Жылына бір рет
Бес жылда бір рет - тексеру және консервациялау. Сақтаудағы аспаптардың 100%
3. Химиялық барлау аспаптары
Жылына бір рет
Бес жылда бір рет - жұмыс қабілеттілігін тексеру, тексеру, техникалық қызмет көрсету, бұйымның жинақтаушы бөлшектерін ауыстыру. Сақтаудағы аспаптардың 100%
4. Радиациялық және химиялық барлау аспаптарға арналған индикаторлы түтіктері
Жылына бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын және одан кейін жылына бір рет (ИТ-44 – алты айда бір рет)
5. Оқшаулау газтұмшалары
Екі жылда бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын, содан кейін екі жылда бір рет; партиядан 6 дана (екі жәшіктен үш газтұмша)
6. Регенеративті патрондар және ісқе қосу брикеттері
Жылына бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын, одан әрі екі жылда бір рет; партиядан 6 дана
7. Теріні қорғау құралдары
Екі жылда бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі біткенге дейін бір жыл бұрын, одан әрі екі жылда бір рет; партиядан 1 бұйым
8. Жеке химияға қарсы пакеттер
Жылына бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін бір жыл бұрын, одан әрі жылына бір рет, химиялық көрсеткіштерді тексермей партиядан 10 пакет
9. Азаматтық қорғаныс құрылыстарына арналған сүзгі желдету құралдары
Екі жылда бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын, одан әрі екі жылда бір рет, барынан 100%
10. Медициналық қорғау құралдары
Жылына бір рет
Бірінші рет сақтаудың кепілдік мерзімі біткенге дейін бір жыл бұрын, одан әрі екі жылда бір рет; партиядан 1 бұйым
Ескертпе: Сынақтардан кейінгі үлгілер олар алынған сынақ хаттамаларының (сертификаттардың) көшірмелерімен бірге сол жәшіктерде сақталады және зертханалық үлгілер ретінде есепке алынады. Зертханалық үлгілері бар жәшіктер жағы 12 см квадратта «Л» әрпімен таңбаланады.

Қолданыстағы