О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 10 июля 2017 года № 176 «О делении территорий Мангистауской области на зоны» Күшін жойған
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 10 шілдедегі № 176
«Маңғыстау облысы аумағын
аймақтарға бөлу туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде
№ 3408 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
1 тармақтың сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша - Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары.».
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С. Хамиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облыс әкімінің орынбасары Б. Қ. Жүсіповке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қаласының әкімі
____________ Ғ. М. Ниязов
«25» маусым 2018 жыл
Бейнеу ауданының әкімі
____________ Б.К. Әбілов
«25» маусым 2018 жыл
Жаңаөзен қаласының әкімі
_______________ Ә. Қ. Дауылбаев
«25» маусым 2018 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл
Шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Маңғыстау
облыстық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________Қ. Ш. Мырзатов
«25» маусым 2018 жыл
Қарақия ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
____________ Қ. Беков
«25» маусым 2018 жыл
Маңғыстау ауданының әкімі
____________ Ж. Қ. Айтуаров
«25» маусым 2018 жыл
«Маңғыстау облысының ветеринария
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________ Ш.С. Хамиев
«25» маусым 2018 жыл
Мұнайлы ауданының әкімі
____________ Н.Т. Тәжібаев
«25» маусым 2018 жыл
Түпқараған ауданының әкімі
____________ Т.Т. Асауов
«25» маусым 2018 жыл