О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 10 июля 2017 года № 176 «О делении территорий Мангистауской области на зоны» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 «Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6027 болып тіркелген) Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 176 «Маңғыстау облысы аумағын аймақтарға бөлу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3408 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта: екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «пастереллез (барлық жануар түрі) бойынша – Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының аймақтары;»; сегізінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: «нодулярлық дерматит (мүйізді ірі қара) бойынша – Ақтау, Жаңаөзен қалаларының, Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының аймақтары.».
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Маңғыстау облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.С.Хамиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.