О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 апреля 2017 года № 231 «Об утверждении Перечня видов товаров, работ, услуг, государственные закупки которых осуществляются в соответствии с типовыми конкурсными документациями (аукционными документациями)» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 15127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 513 Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 231 бұйрығымен бекітілген Үлгілік конкурстық құжаттамаларға (аукциондық құжаттамаларға) сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлерінің тізбесі № Та­у­ар­лар, жұ­мыстар, қыз­мет­тер ата­уы Си­патта­ма Ес­керт­пе І. Та­у­ар­лар: 1. Же­ңіл өнер­к­ә­сіп та­у­ар­ла­ры: 1.1. Тө­сек-жай­ма (көр­пе ты­сы, ақ жай­ма, жа­стық ты­сы, мат­рас­тар­дың ты­ста­ры) 1.2. Көр­пе, жа­стық, мат­рац, мат­рац­қа ар­нал­ған тыс, жа­мы­л­ғы 1.3. Дастар­хан, тө­сек жап­қыш, ора­мал, то­қы­ма май­лық­тар, пер­де­ше­лер, пер­де­лер, шы­мыл­дық­тар 1.4. Дай­ын ер­лер, әй­ел­дер мен ба­ла­лар­дың ки­ім-ке­шек затта­ры (блуз­ка­лар, шал­бар­лар, жем­пір­лер, курт­ка­лар, ко­стюм­дар, жү­зу ки­ім­де­рі, жа­кет­тер, ко­стюм­дер, су­ға тү­су­ге ар­нал­ған іш ки­ім, курт­ка­лар, курт­ка­лар-пи­джак­тар, қы­сқа тон­дар, іш ки­ім­дер, жей­де­лер, тен­нис­ка­лар, қа­лың күр­те­лер, же­ңіл жей­де -по­ло­лар, шал­бар­лар және бел­дем­ше­лер, ки­мо­но) 1.5. Жұ­мыс ки­і­мі, жұ­мыс ха­ла­ты, ал­жап­қыш, ке­уде­ше, кө­кі­рек­ше-жа­мы­л­ғы, даб­ыл ке­уде­ше, са­ни­та­ри­я­лық ко­стюм, қыш­қы­л­ға қар­сы ко­стюм, тө­мен тем­пе­ра­ту­ра­дан қор­ғау­ға ар­нал­ған ко­стюм, өн­ді­рі­стік ла­ста­ну­дан қор­ғау­ға ар­нал­ған ко­стюм, ма­та­дан жа­сал­ған жең­қап, дәне­кер­ле­у­ші ко­стюм, су­дан қор­ғау­ға ар­нал­ған плащ, жұ­мыс ком­би­не­зо­ны, қы­сқа және ұзын жең­ді қа­лып­ты көй­лек, ка­му­фляж­ды ко­стюм, ла­ста­ну­лар мен ме­ха­ни­ка­лық әсер­лер­ден қор­ғау­ға ар­нал­ған жал­пы өн­ді­рі­стік ки­ім­дер 1.6. Ме­ди­ци­на­лық мақ­сат­та­ғы ки­ім-ке­шек (ме­ди­ци­на­лық ха­лат, ме­ди­ци­на­лық ко­стюм, хи­рур­ги­я­лық ко­стюм, хи­рур­ги­я­лық ба­хи­ла­лар, ке­лу­ші­лер­ге ар­нал­ған жа­мы­л­ғы-ха­лат, жа­я­лық­тар, (рент­ген­нен қор­ға­ғыш) пе­ле­ри­на) 1.7. Ер­лер және әй­ел­дер іш ки­ім­де­рі (пи­жа­ма, іш­ки­ім, іш­көй­лек, іш­көй­лек пен шо­лақ шал­бар, дам­бал­дар, шұлық­тар, шұл­ғау­лар, же­ңіл жей­де, жа­тар­да ки­е­тін іш көй­лек, ха­лат және жей­де) 1.8. Бас ки­ім­дер (бе­рет, күн­қа­ға­ры бар қал­пақ (бейс­бол­ка), ке­пеш, кеп­ке, қал­пақ, үш­кіл ора­мал, бас ки­ім, дулы­ға, қал­пақ­тар, фу­раж­ка, пи­лот­ка) 1.9. Аяқ ки­ім (бәтең­ке­лер, етіктер (ер­лер, ар­найы ко­стюм­дер­ге ар­нал­ған, ре­зең­ке, ер­лер, ди­элек­тр­лік, ре­зең­ке), бут­стер, ре­зең­ке ке­бі­стер, пи­ма, крос­сов­ка­лар, қы­сқа қо­ны­шты бәтең­ке, қы­сқа қо­ны­шты етік, сан­дал­дар, тәпіш­ке, тәпіш­ке (ре­зең­ке шәр­кей), туфли, етік, ке­ды) 1.10. Қол ора­мал­дар, гал­стук­тер, мой­ын бө­ке­бай­лар, шұлық­тар, шұл­ғау­лар, қы­сқа шұлық, шұлық, то­қы­ма ма­те­ри­ал­дар­дан жа­сал­ған ки­ім­нің бө­лік­те­рі (дулы­ға аста­ры, жап­сыр­ма­лар, бел­беу, жұ­мыс сө­мке, сө­мке, порт­фель, порт­моне, бел­беу, кі­лем, би­я­лай, тер­мос-сө­мке ба­уы­мен, қол­ғап­тар, би­я­лай­лар, жа­ға аста­ры) 1.11. Кен­дір, үл­дір­лер мен по­ли­эти­лен па­кет­тер­ді қо­с­па­ған­да қап­тар мен па­кет­тер 1.12. Бре­зент­тер, қап­тар, жап­қы­штар, тент­тер (ша­тыр­лар) 1.13. Элек­тро­тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ға ар­нал­ған шү­бе­ректер­ді қо­с­па­ған­да өзге де то­қы­ма бұй­ым­да­ры (еден, ыдыс жу­у­ға ар­нал­ған шү­бе­рек, шаң та­за­ла­лау және өзге де та­за­ла­у­ға ар­нал­ған ке­рек-жа­рақ­тар, гео­ло­ги­я­лық сы­на­ма­лар­ға ар­нал­ған қап­тар, тех­ни­ка­лық сал­фет­ка­лар) 1.14. Өзге де же­ңіл өнер­к­ә­сіп өнім­де­рі (ма­та, те­рі, ки­із, жіп, жіп­тер, өр­ме жа­зуы бар мақ­та, пан­но, кі­лем, кі­лем­ше, ки­із, тол­тыр­ма, жол жиын­тығы, ма­та, жіп, тұт­қыш, қы­сым­ды жең, өрт сөн­ді­ру­ші бел­ді­гі, син­те­пон, ұл­та­рақ, ту, жа­ла­у­ша, фур­шет бел­де­ме­сі, бау, эм­бле­ма, бант (орын­дық­тар­ға ар­нал­ған, мақ­та­дан) 2. Жи­һаз өнер­к­ә­сі­бі­нің та­у­ар­ла­ры: 2.1. Тұр­мыстық және қо­ғам­дық үй-жай­лар­ға ар­нал­ған жи­һаз, кең­се­лер­ге, сту­ди­я­лар­ға, қо­нақ үй­лер­ге, мей­рам­ха­на­лар­ға және қо­ғам­дық орын­дар­ға ар­нал­ған жи­һаз (орын­дық­тар, орын­дық­тар, та­бу­рет­тер, ди­ван­дар, крес­ло­лар, орын­дық­тар, ті­ре­улер, де­мон­стра­ци­я­лық шкаф­тар, сө­ре­лер, бокстар, са­ту үсте­лі, вер­стак­тар (үстел­дер), при­став­ка­лар, бар стан­ци­я­ла­ры, мін­бе, стел­ла­ждар, шкаф­тар, іл­гіш­тер, ки­ім іл­гіш­тер, тум­ба­лар, қал­қа­лар, жи­һаз жи­нақ­та­ры, ре­сепшн ті­ре­уле­рі, сө­ре­ле­рі, пи­ра­ми­да­лар, стенд­тер, үл­кен би­ік ай­на, пер­де, сүл­гі­лер, ко­мод­тар, тө­сек­тер, жұм­сақ жи­һаз­дар) 2.2. Ба­ла­лар және мек­теп жи­һа­зы (оқу­шы­лар пар­та­ла­ры, оқу­шы­лар орын­дық­тар, ба­ла­лар тө­се­гі, ба­ла­лар шкаф­та­ры, жи­һаз гар­ни­тур­ла­ры, ма­не­ждер, жә­шік­тер) 2.3. Зерт­ха­на­лық жи­һаз (зерт­ха­на­лық орын­дық­тар, та­бу­рет­тер, бас­қа да зерт­ха­на­лық орын­дық­тар, шкаф­тар, үстел­дің үстің­гі тақ­тай­ша­лар, стел­ла­ждар, сө­ре­лер, тум­ба­лар және үстел­дер) 2.4. Ас үй жи­һа­зы (ас­ха­на гар­ни­ту­ра­сы, үстел­дің үстің­гі тақ­тайы, бар ті­ре­уле­рі, үстел­дер-жу­ғы­штар) 2.5. Мат­рас­тар мен жа­тын қап­та­ры 3. Ұй­ым­да­сты­ру тех­ни­ка­сы (жұ­мыс стан­ци­я­ла­ры, дер­бес ком­пью­тер­лер, мо­но­бл­ок­тар, мо­ни­тор­лар, экран­дар, про­цес­сор­лар, но­ут­бук­тер, көп функ­ци­о­нал­ды құ­ры­л­ғы­лар, прин­тер­лер, ска­нер­лер) 4. Ав­то­мо­биль­дік кө­лік құ­ра­лы (же­ңіл ав­то­мо­биль) 5. Жа­нар­май (АИ-92, АИ-95, АИ-98) 6. Ди­зель­дік жа­нар­май (жаз­ғы, қы­сқы, арк­ти­ка­лық) ІІ. Қыз­мет­тер: 1. Мер­зім­ді бас­па­сөз ба­сы­лым­да­ры­ның қыз­мет­те­рі 2. Бе­кі­ті­л­ген те­ле­фон­дық бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі 3. Ұя­лы бай­ла­ныс қыз­мет­те­рі 4. Ин­тер­нет­ке қол жет­кі­зу бой­ын­ша қыз­мет­те­рі