О внесении изменений и дополнений в решение акима города Капшагай от 10 декабря 2018 года № 12-15 «Об образовании избирательных участков для проведения голосования подсчета голосов в городе Капшагай» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 Қапшағай қаласының әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қапшағай қаласы әкімінің «Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4946 тіркелген, 2018 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасының 14-тармағының екінші абзацындағы «№ 28 д» нөмірі алынып тасталсын; көрсетілген шешімнің қосымшасының 33-тармағында «№ 7552» нөмірі «№ 3660» нөмірімен ауыстырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасының 2-тармағының екінші абзацы «№ 41/1» деген нөмірімен толықтырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасының 6-тармағының екінші абзацы «Гоголь көшесі № 1-ден № 6-ға дейін» сөздерімен толықтырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасының 12-тармағының екінші абзацы «Қапшағай Энергетик-1»; «Заря Восток» сөздерімен толықтырылсын; көрсетілген шешімнің қосымшасының 25-тармағының екінші абзацы «Московская көшесі №1, № 2, № 3»; «Гвардейская көшесі № 1, № 2» сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. Қожахметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.