О внесении изменений в решение маслихата 10 апреля 2018 года № 155 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Веселоподольского сельского округа Сарыкольского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 155 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 155 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 ақпандағы № 117 шешіміне 1-қосымша Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Веселоподол ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
Тарау 2. 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
Тармақ 3
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
Тармақ 4
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Тармақ 5
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Веселоподол ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Веселоподол ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
Тармақ 7
7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Веселоподол ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады. Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
Тармақ 8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Веселоподол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады. Веселоподол ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастық бөлек жиынының төрағасы болып табылады. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастық бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Веселоподол ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Басқа 20. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Мәслихаттың 2022 жылғы 18 ақпандағы № 117 шешіміне 2-қосымша Мәслихаттың 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 155 шешіміне қосымша Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Елді мекеннің атауы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің Веселоподол ауылының тұрғындары үшін 3 Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Веселоподол ауылдық округінің Ананьевка ауылының тұрғындары үшін 2