О внесении изменение в постановление акимата района от 10 августа 2018 года № 4 «О некоторых вопросах утверждения положений самостоятельных отделов акимата Келесского района» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Келес ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің ережелерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Келес ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №4 «Келес ауданы әкімдігінің дербес бөлімдерінің ережелерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармағы 1-қосымшасымен бекітілген «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Келес ауданының әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Келес ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Сариевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Келес ауданы әкімдігінің 2024 жылғы «03» сәуірдегі №74 қаулысына қосымша Келес ауданы әкімдігінің 2018 жылғы «10» тамыздағы №4 қаулысына қосымша «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
Тармақ 3
3. «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. «Келес ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160905, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 105/1.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы ереже «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекетік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекетік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Міндеттері: «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндетіне әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жатады.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
Тармақша 5
5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
Тармақша 7
7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Тармақша 9
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
Тармақша 11
11) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
Тармақша 13
13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
Тармақша 14
14) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
Тармақша 16
16) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 17
17) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 18
18) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
Тармақша 19
19) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 20
20) мемлекеттiң кәмелетке толғандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.
Тармақша 21
21) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүзеге асырады.
Тармақша 22
22) «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2 )тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетеді;
Тармақша 23
23) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
Тармақша 24
24) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу функцияларын жүзеге асырады.
Тармақша 25
25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақша 26
26) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді.
Тармақша 27
27) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;
Тармақша 28
28) Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
Тармақша 29
29) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
Тармақша 1
1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
Тармақша 2
2) «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Келес ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 21
21. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемеcінің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
Тармақша 3
3) сенімхаттар береді;
Тармақша 4
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
Тармақша 5
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекемеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
Тармақша 11
11) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорын тағайындайды және қызметінен босатады.
Тармақша 12
12) Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорын тағайындайды және қызметінен босатады. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 22
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 23
23. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 24
24. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 26
26. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
6. «Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Тармақ 1
1. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 2
2. Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.