О внесении изменений в постановление акимата Казалинского района от 10 января 2018 года №04 «Об определении мест для осуществления выездной торговли в Казалинском районе» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Тармақ 1
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №04 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6152 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен белгіленген Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарындағы 1, 11, 13 және 16-қатарлары жаңа редакцияда жазылсын: « 1 Әйтеке би кенті 1. Қ.Ерімбет көшесі №7 «б», «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жатақханасының шығыс жағы. 2. Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Біржан сал көшелерінің қиылысы. 3. Жанқожа Нұрмұханбетұлы және Дәулеткерей көшелерінің қиылысы. 4. С.Мұханов және Қ.Халықов көшелерінің қиылысы. 5. Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойындағы «Арзан City» кешенінің батыс жағы. 11 Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылы 1. Жалаңтөс батыр көшесі №1 «А» үйдің батыс жағы. 2. Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолы бойындағы «Мирас» кешенінің шығыс жағы. 13 Қызылқұм ауылдық округі, Кәукей ауылы Ғ.Мұратбаев көшесі №14, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының «Кәукей ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның батыс жағы 16 Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылы Махамбетжан Жеткербаев көшесі №43 үйдің шығыс жағы ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.